Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2778 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 07:07

Ғаббас Қабышұлы. Ақиқаттан аттау – тарихқа қиянат

Әлбетте, тәуелсіздіктің аты да жақсы, заты да жақсы. Алайда, өкінішке қарай, оның мәнін қалай созсаң солай кете беретін резеңкеге телушілер көбейіп барады. Ол құбылысты КСРО ыдырасымен мәскеулік ақпарат құралдарының құлағын ұстап қалғандар бастаған. Олар МАРКСтан ПУТИНге дейінгі ғылыми, саяси тұжырымдарды мансұқтап, ел, мемлекет басшысы болғандарды топас дегенге дейін барып, оның есесіне Ресей патшаларының бәрін бүкіл әулетімен әулие еді деп, шовинистік насихатты қоздыруға кірісті. Солардың біразы соңғы кезде И. СТАЛИН  мен   А. ГИТЛЕРді өзара теңестіріп, тіпті:  1941 - 1945-жылдардағы соғысты Гитлер емес, Сталин бастады десіп («Суворов» деген бүркеншік атпен жазатын РЕЗУН, т. б.), өлі екеуінің біріне айыптаушы, біріне адвокат болып жүр. Шындықты керек етпейді. Ал шындық қалай? Германияда 1933-жылы Гитлер үкімет басына келген күні Сталиннің: Бұл - соғыс. Тойтарыс қамына кірісуіміз керек, дегені белгілі. «Соқалы Ресейді атоммен қаруланған Ресейге айналдыру» (ЧЕРЧИЛЛЬ) содан кейін еселеп күшейтілген.

Гитлер болса, КСРО-ны емес, бүкіл дүние жүзін жаулап алып, асыл текті неміс билігін дара жүргізуді көкседі және Германия өнеркәсібін сол мақсатқа жекті. Оның басқыншылық құпия кеңестерінің бірінен мағлұмат:

«Совершенно секретно.

Совещание у Гитлера 31 июля 1940 г. в Бергхофе (стенографическая запись).

Әлбетте, тәуелсіздіктің аты да жақсы, заты да жақсы. Алайда, өкінішке қарай, оның мәнін қалай созсаң солай кете беретін резеңкеге телушілер көбейіп барады. Ол құбылысты КСРО ыдырасымен мәскеулік ақпарат құралдарының құлағын ұстап қалғандар бастаған. Олар МАРКСтан ПУТИНге дейінгі ғылыми, саяси тұжырымдарды мансұқтап, ел, мемлекет басшысы болғандарды топас дегенге дейін барып, оның есесіне Ресей патшаларының бәрін бүкіл әулетімен әулие еді деп, шовинистік насихатты қоздыруға кірісті. Солардың біразы соңғы кезде И. СТАЛИН  мен   А. ГИТЛЕРді өзара теңестіріп, тіпті:  1941 - 1945-жылдардағы соғысты Гитлер емес, Сталин бастады десіп («Суворов» деген бүркеншік атпен жазатын РЕЗУН, т. б.), өлі екеуінің біріне айыптаушы, біріне адвокат болып жүр. Шындықты керек етпейді. Ал шындық қалай? Германияда 1933-жылы Гитлер үкімет басына келген күні Сталиннің: Бұл - соғыс. Тойтарыс қамына кірісуіміз керек, дегені белгілі. «Соқалы Ресейді атоммен қаруланған Ресейге айналдыру» (ЧЕРЧИЛЛЬ) содан кейін еселеп күшейтілген.

Гитлер болса, КСРО-ны емес, бүкіл дүние жүзін жаулап алып, асыл текті неміс билігін дара жүргізуді көкседі және Германия өнеркәсібін сол мақсатқа жекті. Оның басқыншылық құпия кеңестерінің бірінен мағлұмат:

«Совершенно секретно.

Совещание у Гитлера 31 июля 1940 г. в Бергхофе (стенографическая запись).

На этом совещании Гитлер заявил:

«Россия недовольна быстрым развитием событий в Западной Европе. Достаточно России сказать Англии, что она не хочет видеть Германию слишком сильной, чтобы англичане уцепились за это заявление, как утопающий за соломинку, и начать надеяться, что через 6-8 месяцев дела обернутся совсем по-другому.

Если Россия будет разгромлена, Англия потеряет последнюю надежду. Тогда господствовать в Европе и на Балканах будет Германия.

Вывод: в соответствием с этим рассуждением Россия должна быть ликвидирована. Срок - весна 1941года (Сталин дважды подчеркнул это предложение красным карандашом, - автор).Чем скорее мы разобьем Россию, тем лучше. Операция будет иметь смысел только в том случае, если мы одним стремительным ударом разгромим все государство целиком. Только захвата какой-то части территории недостаточно.

Остановка действий зимой опасно. Поэтому лучше подождать, но принять твердое решение уничтожить Россию.

Это необходимо также, учитывая положение на Балтийском море. Существование второй великой державы (России) на Балтийском море нетерпимо. Начало военной компании - май 1941года. Продолжительность операции - пять месяцев. Было бы лучше начать уже в этом году, однако это не подходит, так как осуществить операцию надо одним ударом. Цель -уничтожить жизненные силы России... Операция распадается на:

1-удар: Киев, выход на Днепр; авиация разрушает переправы. Одесса.

2-удар: через  Прибалтийские государства в Москву; в дальнейшем двустороний удар - с севера и юга; позже - частичная операция по обладанию районом Баку...».

Это из донесении начальника Главного разведуправления генерала ГОЛИКОВА от 26 марта 1941 г. Такое же донесение было от начальника Разведывательного управления НКВД ФЕДОТОВА. О плане «Барбаросса»  до них докладовал Сталину нарком ВМФ КУЗНЕЦОВ. Однако Кузнецов и БЕРИЯ утверждали, что это провокация англичан, они сговорились с американцами столкнуть СССР с Германией.  Сталин предложил им еще раз проверять свои донесения» (В. ЖУХРАЙ, «Сталин: правда и ложь»).

Тарихшы А. УТКИН былай деген: «...Накануне войны Сталин и Гитлер обменялись письмами. Гитлер в своем ответном письме от 14 мая 1941 года писал: «Даю слово чести, что это неправда», стремясь развеять не только слухи, но уже и вполне очевидные признаки готовящегося нападения на СССР». Находящийся в тот момент  у Сталина  В. МОЛОТОВ бросает реплику: «Только дурак может напасть на нас!» («Российская газета», июнь 2000 г.)».

Уткин одан арыда Молотовтың  ғана емес, Берия мен Кузнецовтың да «Гитлердің КСРО-ға тиісу ниеті жоқ», деп дәлелдеп баққандарын  жазыпты.

Балтық республикаларының қазіргі билікшілдері Гитлердің Мәскеуге шабуылды Балтық арқылы жүргізуді жоспарлағанын білмейтіндей : «КСРО бізге басқыншылық жасады!» десіп, фашистерді ашық мадақтап жүр. Сірә,  соғыста Гитлер жеңіп шықса, Балтық бойын жұмаққа айналдыратын еді деп өкінгендей.

Совет Одағының сол соғыстағы жеңісі бүкіл дүние жүзін гитлерлік басқыншылықтан сақтап қалғанын ресейлік әсіресауатты саясатшылдар мен тарихшылдардан, мысалы, әлдеқайда әділ  РУЗВЕЛЬТ те, Черчилль де теріске шығарған жоқ. Сталиннің ол жеңістегі рөлі туралы сұраққа Г. ЖУКОВтың: - Он со своей жескостью добился невозможного, - дегені мәлім. «Нағыз Бас қолбасшы болды» дегені тағы бар.

Соғысқа дайындық, соғыстың басталуы, алғашқы апталарда майдан шебінде совет әскерлерінше киінген арандатқыш фашистер тобы көп болғаны, шекараға танктер мен ұшақтар уақтылы жеткізілсе де, оларға керек бензиннің тым кеш әкелінгені, совет әскерлерінің сәтсіздікке ұшырауы, шегінуі, т. б. қиындық туралы, ол үшін жазаланғандар жайында құжаттар табылып, кітап болып шығып жатыр. Маршал ТУХАЧЕВСКИЙ тобының үкіметтік төңкеріс жасауға дайындығы, олардың неміс әскерилерімен байланысы нақты деректермен дәлелденді, бірақ, кейбір «орыс тарихшылары» оны да, генерал ВЛАСОВтың сатқындығын да  «болған жоқ» деп ақтауда.

Сталинді іске алғысыз етуді Н. ХРУЩЕВтің бастағаны мәлім. Оның нұсқауымен  дайындалған құпия баяндама КСРО-да болған қателіктің бәрін Сталинге жабуды көздеу еді. Хрущевтің бар ойы сол арқылы өзін арашалап қалу болған. СОКП Орталық комитетінің 1937 - 1938-жылдардағы репрессияны зерттеу жөніндегі арнаулы комиссиясының төрағасы  А. ЯКОВЛЕВ: - Обе руки у Хрущева до плеч в крови, - деген. Хрущев Украинаны билеп тұрған кезінде 54.000 «халық жауын» жазалапты. Оның 20.000 «халық жауына» ату жазасын қолдануға рұхсат сұраған жеделхатының партия мұрағатжайында ешбір бұрыштама соғылмастан жатқаны табылды, яғни, оған рұхсат берілмеген. Ал Москва облыстық және қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы жылдарында Хрущев 41.000 «халық жауын әшкерелепті» (Юрий Жуков, «Иной Сталин»).

Бір «қызығы»: кезінде Сталинді жер-көкке сиғызбай мақтаған жағымпаздар тобының жол басы Хрущев екен. БКП(б) ХVII-сьезіндегі 20 минуттік сөзінде: «Сталин - біздің көсеміміз... ұстазымыз... коммунизмге апаратын көшбасшымыз... ұлы адам... адамзаттың кемеңгері... туған әкеміз...» деп, Сталиннің атын 32 рет атап әлек болыпты. Сталинді алғаш рет «көсем» деп атаған - Хрущев! Ал кейін «көсемін» ит-шошқалады. ГОРЬКИЙді, КИРОВты, ОРДЖОНИКИДЗЕні, ЖДАНОВты, т. б.  өлтіртті деп мәлімдеді. Ал сол мәлімдеме бойынша, мысалы, Кировтың өлім себебін тексерген үкіметтік комиссия ол оқиғаларға Сталиннің, КГБ-ның қатысы болғанын дәлелдейтін ешбір дерек табылмағаны туралы актіні алып барғанда, Хрущев қатты ашуланып: - Мұны жариялаудың қажеті жоқ! - деп, актіні темір жәшігіне салып тастапты.

Хрущев Сталинді: соғыс ісінен хабары болмады, елімізге фашистердің қашан шабуыл бастарын хабарлаған барлаушыларымызға сенбеді, оларды балағаттады; соғыс басталғанын естігенде есінен танып қала жаздады, саяжайында үш күн үн-түнсіз жатып алды; соғыс жылдарында Кремльден шықпады, майдан жағдайын глобусқа қарап шамалап отырды... деп сьезд мінберінен  арқырап айтты. Онысының бәрі өтірік екенін сол кездегі әскери, саяси қайраткерлердің естеліктерінен оқып білуге болады. Мысалы, «саяжайында үш күн жатып алған» Сталин туралы  А. МИКОЯН  былай деген: «...Но почему-то он (Г. Жуков,- Ғ.Қ.) не написал о том дне, когда Сталин появился в Наркомате обороны в первый или второй день войны ночью, с ним были Молотов, Берия, Маленков и я, и Жуков в ответ на нападки Сталина разрыдался. Этот факт не компрометирует Жукова ни в какой степени. За то характеризует Сталина. И все же Жуков почему-то об этом умолчал» («Так было»). Ал Бас қолбасшының қай майданда неше рет, қай күндері болғаны, қонып та қалғаны жайында оққағары А. РЫБИН күнделігінде сағат-минөтін көрсете жазып жүріпті.

Бас қолбасшының жеңістегі рөлі қандай болды деген мағынадағы сұрақтарға Жуковтың: - Он со своей жесткостью добился невозможного, - дегені Маршалдың естеліктерінде жазулы.

«Молотов-Риббентроп құпия келісімі» туралы бір сөз. СОКП Орталық комитеті мен КГБ комиссиясы (А. Яковлев) ондай келісім болмаған деп тұжырды. КГБ (генерал В. СИДАК) «келісімнің» түпнұсқасын не КСРО, не Германия мұрағатжайынан таба алмады. Сөз тудырып, гәзеттерге берілгені - АҚШ-та 1948-жылы жарияланғаны, ал оның жалған (фальш) екендігі туралы          А. Яковлев былай депті: «...Там написано «И Фон Риббентроп», а в советских документах такая титулатура никогда не использовалась. Номера параграфов 1 и 2 отделены от текста точкой, а 3 и 4 - скобкой. Также отсутствует нумерация страниц, что вообще-то принято делать на многостраничных документах». В. Молотовпен сырлас болған жазушы Ф. ЧУЕВ сол «келісімі» туралы шындықты айтуын қолқалағанда Молотов: Қосымша, құпия келісім болған жоқ. Риббентроппен келіссөз нәтижесінде екі жақ, 1926-жылғы өзара шартқа сүйеніп, екі елдің бір-бірімен соғыспауы жайында шешім қабылдады. Біз Гитлердің соғысқа дайындалып жатқанын білдік, уақытты қалайда созуды көздедік, - деген. Ресейлік «тарихшы-журналшылар мен жазушылар» бәрібір сыңаржақтанып: «құпия келісім болды!» деуден танбайды.

1941-1945-жылдардағы соғыс құрбандарының саны десек, ол да әртүрлі айтылып жүр.  Зерттеушілердің бірі  27 миллион адам десе, екіншісі одан екі есеге жуық көп дейді.  Гитлер  Ресейді құрту үшін соғыс ашты. КСРО қорғанды. Ал соғыста әскер, жалпы  кісі шығыны жоспарланбайды, келісілмейді. Ендеше, құрбан болған 27 миллион адамның қанын Сталинге жүктеп, Гитлерді ұмытуға бола ма? Шындыққа жүгінсек, бірден-бір кінәлі - соғысты бастаған Гитлер. Жоғарыда келтірілген кеңесі айтып берді ғой?!

Енді 1937-1938-жылдардағы репрессияға тоқталсақ, ол туралы ақпар  да  ала-құла. Зерттеушілер: бірнеше миллион; ондаған миллион деп әрқалай айтады. «Қазақтарда жер болған жоқ!» деп көкезуленген «пайғамбар»              А. СОЛЖИНИЦИН шетелдік тілшілермен өткізе беретін көп сұхбаттарының бірінде, егер жаңылыспасам, итальян журналшылармен кездескенінде: Сталин құртқан «халық жауларының», соғыс құрбандарының жалпы саны 110 миллион, - деді. Сонда  200 миллион  совет халқының  несі қалды?! Есі дұрыс пенде сенбейтін есуастық өсек  емес пе?!.

Айтпақшы, сол «ұлы жазушы» Солженицын: Соғыс басталысымен Сталин Куйбышев қаласына кетіп қалды да, Мәскеуге анда-санда телефон соғып, «Сендерде не болып жатыр?» деп сұрап отырды, деп жазды. Онысы - арсыздардың ақиқатты қажет етпейтініне бірден-бір дәлел.

Ал репрессияға ұшыраған қазақстандықтардың саны қанша? Тарих институтының дерегінше, бізде 1921 - 1954-жылдары саяси айыппен 100.000 адам  сотталған, оның  ату жазасына кесілгені - 25.000. Нақты ма, жоқ па, - білмеймін. Менің білетінім - Қазақстанды 1934 - 1938-жылдары билеген       Л. МИРЗОЯНның («Мырза-жанның») 1937-жылғы шілде айында Кремльге жеделхат жолдап, 6749 «халық жауын» жазалауы керектігін айтып (атылатыны - 2346), лимит сұрағаны. Жиыны 6749 кісі. Әйгілі ЕЖОВ оны 7500 етіп  бекітіп берген (бұл  дерек жоғарыда аталған Ю. Жуков кітабында бар ресми құжаттан алынды).

Ескере отыралық: Мирзоянның хатында сотқа тартылуға тиіс «халық жауларының» саны ғана бар, ешкімнің аты-жөні жоқ. Тек екінші хатында ғана республика өкіметінің басшысы Ұ. ҚҰЛЫМБЕТОВті атапты. Оны «ұлтшыл-фашист» деп  «дәлелдеп», тұтқындау үшін орнынан  алуға Саяси бюродан рұхсат  сұрапты.

1937-1938 жылдардағы зобалаңда біздің зиялылар қауымындағы кейбір ағаларымыз екіленіп шығып, ежелден жақсы таныс-біліс жолдастарына әлдебір себеппен шоқпар ала ұмтылып, «халық жауларын әшкерелеу» науқанын қыздырып, ауыздарына келген кесапат сөзді айтқан, қолынан келген жамандықты жасаған. Кешегі дос-жолдастарын «тыңшы, сатқын» деп қаралаған. Сондай сойқан кезеңде Сәбит МҰҚАНОВ Мирзоянға екі рет хат жазып, ушығып бара жатқан сұмдықты тоқтатуға күш салуды сұрапты, бірақ не ауызша, не жазбаша жауап ала алмапты.

Мирзоян неге «Мырзажан» атанды? Не үшін? Келген бетте қазақтың ұлттық өнеріне, ғылымына, біліміне біраз қамқорлық жасаған, ашқұрсақ  көпшіліктің қарын қамын ойластырған көрінеді. Ал сол халықтың ұлттық мәдениетінің көшбасшылары нақ Мирзоянның тұсында «халық жауы» деген жаламен атылып, жераударылып таусылды. Ол, мысалы, аса көрнекті ақын-жазушыларымызды ғана айтқанда: Ахмет БАЙТҰРСЫНОВты, Мағжан ЖҰМАБАЕВты, Сәкен СЕЙФУЛЛИНді, Ілияс ЖАНСҮГІРОВті, Бейімбет МАЙЛИНді... неге құрбан қылды?!.  Мәскеуден оларды атап-түстеп көрсеткен тізім түскен жоқ қой?!. Меніңше, Мирзоян да өзінен ойы озықтың ортасында болмау, Кремльге жақсыатану сияқты саясатты ұстанды. Оның «Мырзажан» деп аталуы да сол саясатқа жетік сайқалдығынан.

Қайран қазекем қорасындағы малын сыпырып алып, өздерін аштан қырған Голощекинді қарғап-сіледі, - дұрыс! Ал тілін емізіп, малына тиіспей, оның есесіне көзалдарындағы көсемойлы азаматтарын  қырған Мирзоянды «Мырзажан» деді, - сұмдық! Бүгін де оны дәріптеп мақала, кітап жазып жүрген ағайындарымыз бар. Алматының, Астананың көшелеріне атын қойдырды. 2009 - 2010-жылдары мен осынау сорақылықты айта екі-үш гәзетке мақала шығардым, Алматының әкіміне, қалалық мәслихатқа, парламент мәжілісіне ашық хат жаздым, - ешқандай жауап келмеді. Ең болмаса, қаламдастарымның біреуі дұрыс-бұрыс деп тіл қатсайшы!..  Мұндай рухани бейшаралығымызға ахаңдардың аруағы алғыс айтпаған шығар,  айтпайды да!..

Сталинизм дейміз. Онымен күрес бар. Әуелде кейін өзінің де арамдығы  әшкере болып жүруінен қорыққан, өзіне қатысты ақиқат дерек атаулыны мұрағатжайлардан жойғызып баққан, содан кейін Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы баяндаманы жаздырған Н. Хрущев бастады ол күресті. Екінші кезекте М. ГОРБАЧЕВ кірісті, бірақ, ол не сөзінде, не ісінде береке болмай тынды. Үшінші кезекте Ресейдің қазіргі президенті Д. МЕДВЕДЕВ бастап отыр. Ол «Известия» гәзетінің тілшісімен сұхбатында: «...Великую Отечественную войну выиграл наш народ, не Сталин и даже не военачальники при всей важности того, чем они занимались... Сталин - преступник!» деді. Бұл - базардағы бақалшының емес, Ресейдей үлкен елдің бірінші басшысы айтқан сөз. Өресіз тұжырым. Біріншіден, адамзаттың тарихында ешбір халық сұрапыл соғысқа ешкімнің бастауынсыз шығып көрген жоқ. Қылаяғы өз ішіндегі ереуіл-көтеріліске де бір немесе бірнеше кісінің дем беруімен шыққан. Әрқашан солай. Екіншіден, гитлершіл басқыншыларға қарсы күреске:  И. Сталин, Г. Жуков, К. РОКОССОВСКИЙ, А. ВАСИЛЕВСКИЙ, Б. ШАПОШНИКОВ, И. БАГРАМЯН, И. КОНЕВ, В. ЧУЙКОВ, И. ПАНФИЛОВ, Б. МОМЫШҰЛЫ және басқалар басшылық жасамай, бәрі де баса-көктеп келген жауға өз беттерімен тұра ұмтылған халықтың соңынан қарап кабинеттерінде отырды ма? Үшіншіден, қандай қылмыскерді болсын «қылмыскер» деуге  тек сот құқылы. Сонда қалай, Медведев мырза бір өзі Ресей Федерациясының Жоғарғы соты ма? Бұл сұрақты мамандығы заңгер оның өзіне де жазбаша қойдым. Әрине, жауап жоқ.

Бұл пікірлеріме қарап мені «сталиншіл» дерсіздер. Жоқ, мен Сталинді бірыңғай ақтаушы да, бірыңғай қаралаушы да емеспін. Мен - жылы, айы, күні, куәгері нақты көрсетіліп жазылған даусыз ақиқат құжатқа ғана жүгінетіндердің бірімін.

Біздің қарапайым колхозшы әулетімізден де «халық жауларының» бірнешеуі табылған. Мәселен, аталасымыз КЕШУБАЙҰЛЫ Көшербай деген кісі бір жиында: «Кәмөнес, кәмөнес дейсіңдер, ал кәмөнестеріңнің менен несі артық?» деп күлгені үшін ғана пәлеге ұшырапты. Онымен қабағы жараспай жүрген ағайындарының бірі ауданға домалақ хат жібергенін білген Көшекең үйінен кетіп, Көктауда жасырынып жүрген. Ауданнан қызылжағылар оны іздеп екі рет келіп, іздеп таба алмай қайтқан. Үшінші рет келгендердің бірі: Көшербайдың аңға қақпан құрғаннан басқа бітірері жоқ, ақыл-есі кем, соқабас ағасы бар екен, соны алып кетейік те, Көшербай осы деп тапсыра салайық, ол да Кешубайдың баласы емес пе?!»   деген де, солай істеген. Одан кейін Көшекеңді іздеп ешкім келмепті. Ал ағасы сол кеткеннен оралмаған. Әкемнің ағасы, колхоз ұстасы ҚҰРМАНБАЙ атам да солайша құрбан болған. Ол ауданнан келген өкіл жігітті ауылдағы бір жесір келіншекті зорламақ болғаны үшін сабап жіберіпті де, екі күннен кейін «халық жауы» аталып ұсталыпты. Оның сүйегі Магаданда қалды. Қазақ ауылдарында мұндай мысал көп. Меніңше, «халық жауы» делінген қазекемдердің, Мирзоянның бір жолғы жеделхатына жем болған 7500 кісінің дені - көшербайлар мен құрманбайлар. Олар болмаса, мирзояндар сұрап алған  «жоспарларын» қалай орындасын?!.

Мұрағатжайлардағы құжаттармен жұмыс істеп жүрген қаламдастарым бізде «халық жауын» тауып берген әрбір он пәлеқордың біреуі сырттан келген болса,  тоғызы ішімізден шыққанын айтуда. Масқара!..

Меніңше, қаншама бір өзі биледі десек те, бір ғана Сталинді айыптай бермей, оның серіктері Молотов, Берия, Каганович, Ворошилов, БУДЕННЫЙ, Хрущев, Мирзоян, тағы басқаларының қай қылмыста қаншалықты «үлесі» болғанын дәлелмен атап-атап айту, «Сталин тобы жасаған репрессия» деу дұрыс болатын сияқты.

Ата-бабамыз қалдырған өсиеттің бірі - жауыңа да әділ бола білу. Осы ыңғайда Сталиннің 1939-жылы дипломат А. КОЛЛАНТАЙмен әңгімесіндегі мына пікірінің дөптігіне еріксіз таңданамын:

«...Многие дела нашей партии и народа будут извращены и оплеваны прежде всего за рубежом, да и в нашей стране тоже. Сионизм, рвущийся к мировому господству, будет жестоко мстить нам за наши успехи и достижения. Он все еще рассматривает Россию как варварскую страну, как сырьевой придаток. И мое имя тоже будет оболгано, оклеветано. Мне припишут множество злодеяний.

Мировой сионизм всеми силами будет стремиться уничтожить наш Союз, чтобы Россия больше никогда не могла подняться. Сила СССР - в дружбе народов. Острие борьбы будет направлено прежде всего на разрыв этой дружбы, на отрыв окраин от России...

С особой силой поднимет голову национализм... Появится много вождей-пигмеев, предателей внутри своих наций.

В целом в будущем развитие пойдет более сложными и даже бешеными путями, повороты будут предельно крутыми. Дело идет к тому, что особенно взбудоражится Восток. Возникнут острые противоречия с Западом...».

Айтқаны айдай келді емес пе?

Бұл мақаланы жазуыма осы гәзеттің 26-мамырдағы санында шыққан «Сталинизм - кеңкелестің тірлігі» себепші болды. Мен оның авторлары - Айдос САРЫМ, Төлеген ЖҮКЕЕВ інілеріммен пікір таластырмақ емеспін (ал Евгений РАХЫМЖАНОВтың «Свобода словадағы» мақаласымен таныстығым жоқ, ол гәзетті оқығанды қойып кетім едім). Тек, тарихи тақырыптардың қайсысына қалам тартсақ та, әрқашан дерек тілімен сөйлеу керектігін естеріне салуым артық болмас деп ойладым. Сондай-ақ: «надан, делқұлы басшы», «27 миллион жаннан кем емес соғыс құрбандарының құныкері», «Сталиннің көзсіздігінің салдарынан», «Қызыл армияның 1941-жылы өзінен адам күші әлдеқайда аз неміс әскерлерінен сүмеңдеп қашып», «Сталиннің әпербақандығының», «Оу, Рахымжан-ау, Гитлердің сол жоспарын Сталин оған дейін-ақ жүзеге асырып қойған жоқ па еді?!», «Иосиф Джугашвили атты діни шаласауатты, адамгершілігі ақсап жатқан адамды» деген  әсіребілгіштік сөздерді салмақты саралаушылардың санатындағы Төлеген мен Айдостың айтқандарына қынжылдым.

Тарихты заманының саяси саудасына салған, немесе өзінің жеке көзқарасын  басқаларға таңуға тырысқан  кешегі, бүгінгі «тарихшылардың» ескергілері келмесе де, ақиқатты ардақтары сөзсіз ертеңгі тарихшылар               Г. Жуковтың: «У нас часто принято говорить, в особенности в связи с предвоенной обстановкой и началом войны, о вине и об ответственности  Сталина. С одной стороны - это верно. Но с другой, думаю, что нельзя все сводить к нему одному. Это неправильно. Как очевидец и участник событий того времени, должен сказать, что со Сталиным делят ответственность и другие люди, в том числе и его ближайшее окружение - Молотов, Маленков, Каганович», дегеніне жүгінетін болады...

Сталиннің өзі, серіктері, дәуірі жайында ақиқат деректі зерттеу мақалалар жазылып жатыр. Соларға зер салғанда  «Сталин айтты» деген қыңыр сөздердің, «Сталин істеді» деген қисық істердің көбі басқалардікі екенін көз жетеді. Мәселен, «кісі жоқта  мәселе де жоқ» («нет человека - нет проблем») дегенді Сталин айтпаған, ал Сталинді беталды қаралағандардың бірі - жазушы А. РЫБАКОВ: Мен ол сөзді бір кейіпкерімнің аузына салып едім, содан саяси өреге шығып, «Сталин айтты» болып кетті, депті.

Бүгінде Ресейде «сталинизмді айыптау» деген желеумен өсек-өтірікті бұрқыратқан мақала жазылып, кітап шығарылып, фильм түсіріліп жатыр. Мысалы, теледидардағы бір фильмде (атын білмеймін, үзіндісін ғана көріп қалдым) кавказдық бір делегацияны  қабылдаушы Сталин піскен етті оларға мүше-мүше күйінде өзі апарып ұсынып: «ешь, ешь, ешь!» деп, дәстүрлі мүйіз ыдысты толтыра өзі шарап құйып беріп: «пей, пей, пей, пей!» деп жүр. Сол салтанаттың бір сәтінде ол көпшіліктің көзінше Михаил Калининді «Всесоюзный козел!» деп атап, біреулерді шошытып, біреулерді күлдірді. Фильмді жасауға қатысқандардың ол «тапқырлықтары» өлі Сталинді мазақ ету екені анық.

Сөз соңындағы уәжім: Хрущевті Сталинге қарсы қоя дәріптеу - баяғы бекершілік. Хрущевтің КСРО-ны билеп-төстеп тұрғанындағы ішкі-сыртқы қай шарасы мақтауға лайық? Мысалы, бізге не жақсылық жасады? Таққа отырысымен Қазақстанның тың және тыңайған жерін игеру дегенді алас-күлес бастап, қазақты титықтатқаны ма? Қазақ жерін бөліске салғаны ма? КСРО-да МТС-ты (машина-трактор стансасын) таратып, ауыл-селоны күйреткені ме? Бір партияны екіге жарып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті аңдыстырып қойғаны ма? АҚШ-ты «қуып жетіп, басып озғаны» ма? Халықаралық деңгейдегі сан-сапалақ саппастығы ма?  Парықсыздарға ғана бас шұлғытар өсек-өтірікке, пәле-жалаға толы «естелік кітап» жазып кеткені ме?..

...Тарихқа тазалық керек, ақиқат керек. Сталинді данышпан деп  жазсақ та, қарақшы деп жазсақ та, шындықтың шегінен шығып кету жөн болмайды.

 

«Қазақстан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1937
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2134
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1771
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533