Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2513 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:26

Қазақстанның табыстарының ішінде Астана айрықша орын алады - Мемлекет басшысы

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның табыстарының ішінде Астана айрықша орын алады. Бүгін елордада өтіп жатқан Астананың келешектегі дамуы мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Біздің еліміз биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелейді. Атап айтқанда, біз бұл атаулы күнді мерекелеп, біздің табыстарымыз жайлы айтатын боламыз. Осы табыстарымыздың ішінде Астана айрықша орын алады»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде, Астана ТМД елдерінің ішінде қолайлы қалалардың бірі ретінде аталғанын, сондай-ақ халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының байқауы нәтижесінде Астана ТМД-ның 81 қаласының ішінде үздік елорда болып танылғанын жеткізді. Президенттің сөзіне қарағанда, 2003 жылдан бері елордада өңірлік жалпы өнім 16 есеге өскен.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы, Астана даму индексі бойынша елімізде жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты. Яғни, елордада еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда, бала өлімі 2 есеге төмен, ал бала туу соңғы 10 жылда 2,5 есеге артты. Жалпы өлім-жітім 1,5 есеге төмендеді. Сондай-ақ, халықтың табиғи өсімі 6 есеге өсті. Өмірдің орташа ұзақтығы 74 жасқа жетті.  Осы орайда Мемлекет басшысы елорданың медициналық кластері табысты жұмыс атқарып жатқандығын ескеріп өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 355
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 185
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 191
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 197