Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2790 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:25

Елімізде суретшілерге еркін жұмыс істеуге мүмкіндік берілген -суретші Думан Әлиев

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бұл күндері Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығындаәлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан талантты балалар мен жеткіншектерге арналған «Сурет өнері» студиясы жұмыс істеуде.  Оған 9 бен 15 жас аралығындағы 40-қа жуық бала қатысуда. Осы шара аясында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Тарлан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бабаларға сабаз беріп жатқан  Думан Әлиевті әңгімеге тартып, суретшілердің қазіргі жағдайымен таныстық.

- «Сурет өнері» студиясы шарасы аясында талантты балаларға сабақ беріп жатыр екенсіз. Сабақтарыңыз қалай тіп жатыр?

- Бүгін бірінші рет балалармен жұмыс істегендіктен аздап қобалжыдым. Бірақ балалар өте  ақылды, әрі мейірімді ғой. Мені жатырқаған жоқ, сенім білдіріп, ақыл-кеңесімді сұрап жатты. Бүгінгі дәрістен өзіме де пайдалы тәжірибе жинақтадым. Алғашқы сабақта адам портретін салдық. Бұл балалар үшін қиын тақырып, алайда балақайлардың көңілін аулап, сынамауға тырыстым. Олар қазір кішкентай ғой, бәрін эмоционалдық тұрғыда қабылдайды. Сондықтан, мүмкіндігімше қолдау көрсетуге тырыстым. Бірақ араларында жасына қарамастан тамаша, таң қаларлық жұмыстардың барын байқадым. Алдағы уақытта мұндай дәрістерді әрі қарай жалғастырғым келеді.

«Бөбек» ұлттық орталығына бірінші рет келіп отырмын. Ұйымдастырушылар тарапынан әр балаға ерекше көңіл бөлінгендігі, студияның ашылуына үлкен жауапкершілікпен қарағаны байқалады. Сабақ өткізу үшін бізге арнайы кең, жарық, тыныш аудиториялар берілді. Бүгінгі менің сабағыма 20-дай бала қатысты. Бір де бір бала көңілімнен таса қалмады, бірлесіп ақылдасып жұмыс істедік.

- Сабақ аясында балаларға шетелге барған іс-сапарларыңыз, саяхаттап жүргенде көрген мәдени орындар жайында баяндап бердіңіз. Шетелге жиі шығып тұрасыздар ма?

- Шетелге білім және тәжірибе алмасуға барып тұрамыз. 2007 жылы әкем Дулат Әлиевпен (ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Тарлан» мемлекеттік сыйлығының лауреаты) бірге суретшілер ұйымының арнайы ұйымдастыруымен Парижге екі айға барып қайттық. Қаланың орталығында тұрғандықтан барлық мұражайлар үйімізге жақын болды. Суретшілермен кездесіп, шығармашылығымызбен бөлісіп, жұмыстарымызды таныстырдық. Бүгінгі таңда біздің елде суретшілерге еркін жұмыс істеуге мүмкіндік берілген. Әкем заманында, яғни Кеңес өкіметі билеген тұста мұндай еркіндік жоқ, қатал бақылауда болатын. Ал қазіргі таңда отандық суретшілер білім алмасуға шетелге баруға жағдайы бар. Өз жұмыстарын шетелдік көрмелерде ұйымдастырып, еліміздің мәдениетін жат жұртқа таныстырып жатқандары да біршама. Қазақ халқы өнерлі ғой. Алайда мақтағанмен кемшін тұстарымыз да бар, әрине. Сананы тұрмыс билеген заманда өнер жолында бірге жүрген талантты әріптестерім отбасын асырау үшін басқа салада қызмет етіп келеді. Енді біреулері дизайнер болып, екіншілері үй жиһазын жасап, қалғандары IT-технологиясы бойынша безендіру жұмыстарымен айналысып күйбең тірліктің артында жүр.

- Сурет өнері жолында жүрген жастарға қандай тілек айтар едіңіз?

- Бүлдіршіндердің алға қойған мақсаттарына кәміл сеніммен жетуіне тілектеспін. Әрине, бұл жерде ата-ана мен ұстаздың орны ерекше. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығуымызға септігін тигізетін басты тұлға, әрине, ұстаз ғой. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар мен ата-анасы жоқ жетімдер балаларға  ерекше мейіріммен қарау керек. Сол мейірімді бізге үйрететін ұстаздарымыз. Менің бүгінгі жетістіктерім Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ескен Сергебаев, Анатолий Астахов, Еркін Мергенов, Фатима Жұмашева, Мәлік Жүнісбаев сынды хас шеберлердің берген тәлім-тәрбиесінің жемісі деп білемін. Жас суретшілер мен мүсіншілерге берер бір кеңесім - әрдайым өз күшіңе сенімді бол!. Сонда ғана алға қойған мұратыңа адаспай жетіп, айналадағы ортамен бейбіт өмір сүретін боласың. Себебі, өркениетті елдің өнегелі ұрпағы - қазіргі жастар!

- Соңғы сұрақ. Сіз сурет өнеріне қалай келдіңіз, сол жайында айтып берсеңіз?

- Ес кіріп, айналамды түсінген күннен бастап суретшілер қауымының ортасында өстім. Үйде әкем жұмыс істеп отырғанда мен де қызығып балалық құлшыныспен жанына отыра қалып, шимай-шатпақтарымды сызатынмын. Тіпті, жұмыс істеп отырған сәтінде суретіне өз қолтаңбамды қалдырып кететінмін. Әкем оған еш қарсылық білдірмейтін. Мені әрдайым қолдап, бар білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін беретін. Бейнелеу өнерінен білгенім аз болар деп 5-сыныпта арнайы республикалық көркем өнер колледжіне оқуға түстім. 11-сыныпты сол жерде тәмамдаған соң, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға тапсырдым. Сөйтіп жүріп мүсінші мамандығы бойынша білім алып шықтым. Кейін екі жыл магистратурада оқып, факультетте студенттерге сабақ бере бастадым. Қазір тәуелсіз суретші, әрі мүсіншімін. Сабақ бермегеніме біраз жыл болды, сондықтан «Бөбек» ұлттық орталығының қызметкерлері «Сурет өнері» студиясына шақырғанда қуанып қалдым. Ұсыныстарын бей-жай қалдырмай бөбектермен бірлесіп жұмыс істеуге, аға ретінде білген-тергендерімді үйретуге әзірмін.

-    Әңгімеңізге рахмет!

0 пікір

Үздік материалдар