Сенбі, 18 Мамыр 2024
2353 4 пікір 9 Сәуір, 2019 сағат 11:38

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиісті дәрі-дәрмекті алмаған

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне берілуі тиіс дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы 8 сәуірде арнайы брифинг кезінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова мәлімдеді.

Бұйрабекованың сөзінше, 2018 жылдың наурыз-сәуір айларында министрлік мониторинг тобын құрып, тексеріс жүргізген.

"Министрлік дәрі-дәрмекті сатып алғанына қарамастан, өздеріне тиісті препараттарды ала алмағандарын айтқан науқастардан көп шағым түскен соң, тексеріс жүргізілді" дейді ол.

Бұйрабекова нақты қандай дәрі-дәрмек түрлері мен оны қандай науқастар ала алмағанын айтпаған.

Комитет төрағасының дерегінше, 2016-2017 жылдары Қазақстанның 11 өңірінде құны 4,3 миллиард теңге болатын дәрі-дәрмек пайдаланылмай қалғаны анықталған. Министрлік өкілі "бұған қарамастан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәрмектер науқастарға берілгені көрсетілгенін" айтады.

"Мониторинг тобының барлық мәліметі Бас прокуратураға берілді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өңірлерде де, министрлікте де тексеру жүріп жатыр. Осы тексеру нәтижелері бойынша 20-дан аса қылмыстық іс қозғалды" дейді Бұйрабекова.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі, 7 сәуірде Twitter-дегі парақшасында елдегі денсаулық сақтау саласына бір триллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін хабарлады. Оның айтуынша, әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызметке қол жеткізудің өзі қиын болып отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653