Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 3877 15 пікір 2 Сәуір, 2019 сағат 12:06

Зеленский – ресейшіл кандидат

Украина 2014 жылдан бері Ресейдің гибридтік шабуылымен соғысып келеді. Бұл ел Қырымнан айырылса да АҚШ пен Еуропалық Одақтың Ресейге санкция салуына себепші болып, қарсыласының экономикасы мен тұрмысын стагнацияға (тоқырау) ұшыратып отыр.

Қазақ үшін Украинадағы Президент сайлауында қазіргі Президент Порошенконың жеңіске жеткені тиімді. Бірақ оларда қазір бірнеше кандидат бар: Мысалы Тимошенко мен Зеленский. Бұлар: "Ресейге сұрағанын беріп Ресеймен ымыраласайық" деген ұстанымда. Егер Украинада коллаборант президент сайланса (мәселенки, Зеленский), ол сөзсіз Ресейдің талаптарын орындайды. Олай болса, Ресей бізге бұрынғыдан да өктемдігін ұлғайтатын болады. Путин қазірдің өзінде қазақтың солтүстіктегі өлкелеріне көз тігіп отыр.

Сондықтан да бізге Порошенконың жеңгені қолайлы. Тек Порошенко Ресейге соққы бере алады. Ресей бес жылдан астам уақыттан бері болып жатқан гибридтік соғыстан және батыс елдерінің экономикалық, қаржылық және технологиялық санкцияларынан қалжырады. Ресейдің ірі қалаларында Путинге қарсы митингтер көбейе бастады. Якутияда, Ингушетияда, Біріккен Осетияда, Татарстанда, Башқұртстанда жергілікті ұлтшылдық бас көтерді. Олар өз республикаларындағы миграцияны тоқтатты. Олар өз еліне өздері ие болмақ. Қазір Ресейдің біраз өлкелерінде орыс жұртшылығы мүлдем қалмады деуге болады. Мысалы, Шешенстан және Туваны қараңыз.

Украинаданағы Президент сайлауына түскен Президент Порошенко тағы да жеңіске жетсе, Ресей Украинаны шығыс өлкелеріне жасап отырған агрессиясынан бас тартуға мәжбүр болады. Менің ойымша, тек Порошенко ғана Украинадан аннексияланған Қырым жартыаралын қайтара алады.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

15 пікір