Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2714 0 пікір 2 Сәуір, 2019 сағат 09:55

Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

0 пікір