Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3260 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 06:06

Тиманың «тиынын» есептей аламыз ба?

Әлемнің аса ірі байларының әмиянына көз салып отыратын «Форбс» журналының жазуына сүйенсек,  сүйкімді күйеу  Тимур Құлыбаевта алты миллиард доллар бар екен! Тиманың «тиын-тебені» туралы деректі әлдебір газет қиындысынан көзі шалып қалса керек, біздің ауылдағы Құлжабай бұғалтырдың ұйқысы бұзылыпты. Құлжабай калькулятор дегенді білмейді, бәрін шотқа салып есептейді. Ауылда өлген қойдың терісіне дейін санап, базардағы  нарқын біліп отыратын Құлжекеңнің басы толы есеп-қисап. «Тимурдың, - дейді Құлжекең сұқ саусағымен шоттың бірлігін қағып жіберіп, -  еншіге не алғанын білмеймін, бірақ алты миллиардтың нөлдерінен бюджеттен бұрыс кеткен тиынның «төлдерін» көруге болады». Сөйтеді де Құлжабай бұғалтыр бұқа мойнын ішіне алып ап жатта кеп санайды. «Алматыда екі бөлмелі пәтердің бағасы шамамен 100 000 доллар болса, Тимурдың ақшасы алпыс мың пәтерге есеп. Алпыс мың пәтерді бөліп кеп жіберсеңіз көзді ашып жұмғанша алпыс мың жас отбасы баспанаға ие бола қалады екен. Ай, бірақ алпыс мың жас отбасы аяқ астынан табыла қоймайды ғой біздің елден». Осы араға келгенде Құлжабай қысылады, маңдайы шып-шып терлейді. Сосын, «қияли болып барамын, құрсын Құлыбаевтың байлығында нем бар?» деп ыржиып күледі. Расында, алты миллиард доллар бір мезетте ел игілігіне жұмсала қалса қалай болар еді? Кім қандай ұсыныс айтады?

«Абай-ақпарат»

0 пікір