Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2767 5 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 15:15

Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту шығыны - 125 млн доллар

Қазақстан астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге 47 млрд теңге немесе 125 млн доллар кетеді.

«Астананың атауын өзгерту арзанға соқпайды әрі негізгі шығын бюджет есебінен бөлінеді. Тұрғындар үшін жаңа құжат мөріне шамамен 80 млн доллар (үш миллиард теңге); маңдайшаға ілінетін жазулар мен белгілерге 25 млн доллар (9,5 миллиард теңге); жаңа карта әзірлеу үшін бес млн доллар (1,9 миллиард теңге) кетеді, - деп мәлімдеді қазақстандық эксперт Александр Разуваев.

Оның сөзінше, мемлекеттік мекемелер Конституция мен заңдарды жаңадан өңдеп, ондағы "Астана" деген жазуларды өзгертуі тиіс. Бұл үшін шамамен 15 млн доллар жұмсалады екен. Жалпы шығын - 125 млн доллар (немесе 47 301 250 000 теңге), - деді эксперт.

Осыған дейін Қазақстанның әділет министрлігі астананың атауы өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес деген.

23 наурызда Қазақстан президенті Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде жарлыққа қол қойды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1424
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1263
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1079