Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3585 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 05:48

Қаршыға Мұқыш. «ЕСЕП»-ке тағзым

Жақында қолымызға 1998 жылы «Санат» баспасынан шыққан «Арман ман азап» атты бір кітап түсті. Авторы Махмет Темірұлы деген осы күні көзі қарақты азаматтар мен аға буын өкілдеріне жақсы таныс ардақты ақсақал. Бұл шығармада «елім!» деген арманы үшін азап шеккен қыршындай бозбалалардың арманшыл идеяларымен жігіттік шағындағы ерлікке толы іс-әрекеттері баяндалады. Өткен ғасырдың 40-70 жылдарындағы Қазақстан тарихы бізге (жастарға) бір сыр бүккендей, құпия көрінетін де тұратын. Осы аралық біртүрлі Советтеніп кеткен, кезекті бес жылдық жоспар бойынша қанша астық алып, қай сиырдан қанша сүт алғандығы жайында есеп пен жалаң әдеби шығармалардан аспаған жаппай бір жылымық кезеңдей болатында тұратын. Қазақтың қазақ болғалы азаттығы үшін жан алып, жан беріскен ерен ерлігі ғасыр басындағы Алашордалықтармен өшіп, ұлттық рух 1975-жылдарға дейін қалғып кетіп, «Жас Тұлпарлықтармен» қайта тұтанып, 1986 жылдағы Желтоқсан Көтерілісі арқылы еңсесін тіктегендей еді. Сөйтсек, 30-35 жыл үзілген ұлтазаттық күрестің тарихи сабақтастығын бірінін соң бірі «ЕСЕП» Елін сүйген ерлер партиясының ісін екі-үш буынның азаматтары жалғастырып келген. Мойнымызға құлдық бұғауы түскен сол замандарда қағаз бетіне түскен «өз тарихымыз» өзімізді өшіре жаздапты. Небір ақтаңдақтар енді ашылып жатыр. Аталмыш кітап «Елін сүйген ерлер партиясының «ЕСЕП» құрылтайшылары туралы естелік.

Жақында қолымызға 1998 жылы «Санат» баспасынан шыққан «Арман ман азап» атты бір кітап түсті. Авторы Махмет Темірұлы деген осы күні көзі қарақты азаматтар мен аға буын өкілдеріне жақсы таныс ардақты ақсақал. Бұл шығармада «елім!» деген арманы үшін азап шеккен қыршындай бозбалалардың арманшыл идеяларымен жігіттік шағындағы ерлікке толы іс-әрекеттері баяндалады. Өткен ғасырдың 40-70 жылдарындағы Қазақстан тарихы бізге (жастарға) бір сыр бүккендей, құпия көрінетін де тұратын. Осы аралық біртүрлі Советтеніп кеткен, кезекті бес жылдық жоспар бойынша қанша астық алып, қай сиырдан қанша сүт алғандығы жайында есеп пен жалаң әдеби шығармалардан аспаған жаппай бір жылымық кезеңдей болатында тұратын. Қазақтың қазақ болғалы азаттығы үшін жан алып, жан беріскен ерен ерлігі ғасыр басындағы Алашордалықтармен өшіп, ұлттық рух 1975-жылдарға дейін қалғып кетіп, «Жас Тұлпарлықтармен» қайта тұтанып, 1986 жылдағы Желтоқсан Көтерілісі арқылы еңсесін тіктегендей еді. Сөйтсек, 30-35 жыл үзілген ұлтазаттық күрестің тарихи сабақтастығын бірінін соң бірі «ЕСЕП» Елін сүйген ерлер партиясының ісін екі-үш буынның азаматтары жалғастырып келген. Мойнымызға құлдық бұғауы түскен сол замандарда қағаз бетіне түскен «өз тарихымыз» өзімізді өшіре жаздапты. Небір ақтаңдақтар енді ашылып жатыр. Аталмыш кітап «Елін сүйген ерлер партиясының «ЕСЕП» құрылтайшылары туралы естелік. Бұл дүние сол олқылықтың орнын толтырады.

Екі ғасыр ресейдің отарында болған елінің,  азаттығын аңсап, көре алмай, қыршын кеткен талай азаматтың көкірегінде қалған асыл мұрат, бүгінде бізге көктен түсе салған жоқ. Азаттықтың ақ туының түсі - қызыл, қып-қызыл қан. Сол тар жол, тайғақ кешуде небәрі 15-17 жастағы Бүркіт Ысқақұлы, Махмет Темірұлы сияқты т.б. балғын жастардың әрекеті «болар елдің баласы он үшінде баспын дердің» ісі.

1932-нің зұлматты көрінісі қаршадай 5-6 жастағы баланың көкірегінде тоң болып қатып, мектеп қабырғасында жүргенде-ақ  Мағжан, Сәкен, Міржақыптардың туындыларын үзіп-жұлып оқып жүріп-ақ намыстарын ұштаған.

Бұл кітап қолда отырғанда дегбіріңнен айрылып, бір суынып, бір ысып, оқиға желісін жеткізуі сонша, оқып отырып алай-түлей күйге енесің. Міне, шынайы тарихтың келбеті қалай болуы керектігінің үлгісі. Тіпті ғасырларға созылған отарлау саясатының «еттен өтіп, сүйекке жеткені» соншалық  неміс басқыншылығына іштей қолдау білдіріп, қорғану жолындағы «Ұлы Отан соғысының» Қазақ Мемлекеттігі үшін пайдасыздығын айтады. «Отан үшін» дегенде қай отан деп сұрақ қояды. Немістердің территориялық алшақтығын меңзеп, тым болмағанда ішкі саясаттың өз қолыңда болатындығына үміттеніп әрекет еткендерін оқығанда тарих келбетінің қалай болмағын ойша елестетіп бойыңды үрей мен үміт билейді.

Ашаршылыққа ұшыраған әрбір отбасы тым болмағанда жалғыз ізбасарын сақтап қалу мақсатында аман алып қалған еркек кіндіктіні, екінші дүниежүзілік соғыс жалмаған еді. Бұлар болашақта қайталанбауы тиіс тарих. Осының бәрін көңілге жастайынан мықтап түйген Бүркіт пен Махмет бастаған азаматтар небәрі 15-17 жастарында 1940-шы жылдары Елін сүйген ерлер партиясын («ЕСЕП») құрды. Мақсаты - тәуелсіз ел болу, міндеті - жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу. «ЕСЕП» жеке өз алдына талдап, зерттеуді талап ететін бір тақырып. Сондықтан зерттеуші-ғалымдардың «құлағына алтын сырға».

Естен шығаруға болмайтын бір жайт бар, тәуелсіз ел болғың келе ме, азат ойлы отансүйгіш ұрпақ өсір. Ол үшін күллі ақтаңдақтары ашылған толыққанды тарихың болу керек. Яғни қайталанбас қателіктер мен қайталануы тиіс ерліктер дәріптелуі қажет. Жасы сексеннің сеңгіріне шыққан Махмет атамыздың бұл жасап, жазған дүниесі осы үдеден шыққан үлкен дүние, өйткені онда шындыққа шырмалған тағдыр жатыр. Біздер - жастар бүгінгі ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлаған ата - бабаларымыз алдында басымызды иеміз. Ерікті қыран құс қанатындай көк байрақ туымызды енді құлдилатып, төмендетуге еш моральдік құқымыз жоқ.

Елін сүйген ерлер арамызда жүр, қастерлейік!

Нариман СЫЗДЫҚАН

Қаршыға МҰҚЫШ

Қарағанды қаласы

0 пікір