Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2185 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 05:01

Шетелдік тіке инвестициялауда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12 пайыздан асты - Альберт Рау

АЛМАТЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шетелдік тіке инвестициялауда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12 пайыздан асты.

Бұл жайлы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстандағы шетелдік инвестиция: тәжірибе, міндет және келешек деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісінде айтты.

«5 жылдық мемлекеттік индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасының алғашқы жылы 150-ден астам өндіріс орны іске қосылды. Ондаған мың жұмыс орындары құрылды. Биыл 200 жаңа өндіріс пен нысандар іске қосылмақ»,-деді А. Рау.

Оның айтуынша, ғаламдық экономикалық дағдарыс инвестициялауға өз ықпалын тигізді. Жалпы, тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 150 млрд. доллардың тікелей инвестициясы тартылды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 12,5 млрд. доллар тартылды. Бұл жалпы шетелдік тіке инвестицияның 10 пайызын құрайды.

«2010 жылы өңдеу өнеркәсібіне 2,1 млрд. доллар тартылды. Бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 17 пайызға жоғары. Соның нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіндегі шетелдік тіке инвестицияның көлемі 12 пайыздан асты. Қазақстан экономикасын инвестициялауда Нидерланды, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Қытай, Ресей, Канада сияқты елдер негізгі инвестиция көздері болып отыр»,-деді А. Рау.

Оның айтуынша, қазір қоғамда шетелдік тіке инвестициялауды орналастыру қызу талқыланып жатыр. Сол себепті бүгінгі басқосуда инвестицияны салаларға бөлу мәселесі жан-жақты талқыланбақ. Оған Үкімет мүшелері, ұлттық компаниялардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен тәуелсіз сарапшылар қатысуда.

_

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1084
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 978
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 831