Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 19:55

ХҚКО-дағы кадрлық ауысулар

ҚР БАМ  Халыққа қызмет көрсету орталығының  жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жөніндегі Комитеті (әрі қарай-Комитет)  ағымдағы жылдың  4 мамырында өткен  Байланыс және ақпарат министрлігінің  ХҚКО-ның  жұмысын реттеу мәселесі бойынша  кеңейтілген отырысының Хаттамасын жүзеге асыру мақсатында  сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген стандарттары мен регламентін сақтамау фактілеріне  қатысты қызметтік  тексеру жүргізді.

«Алматы  қаласының  Медеу аудандық  Халыққа  қызмет  көрсету орталығы» республикалық  мемлекеттік  мекемесінің жұмысына   жүргізген мониторинг  және қызметтік тексеру қорытындысында ХҚКО директорының ұйымдастыру  жұмыстарын  нашар  жүргізгені анықталды.  Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО-ның  басшысы А.А. Тортаев  қызметінен босатылды.

Алматы аудандық ХҚКО-ның директоры Н.Е. Садықовқа ХҚКО-ның басшылық құрамының арасында  сыбайлас жемқорлыққа қатысты  алдын-алу шараларын нашар ұйымдастырғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Бұған қоса, Комитет Төрағасының бұйрығымен Қостанай облыстық ХҚКО-ның директоры А.А. Богдановқа ХҚКО жұмысы мен сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын нашар ұйымдастырғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Кеңейтілген отырыста жұмысы қатаң сынға ұшыраған Астана қаласының Алматы аудандық  ХҚКО-ның  директоры Т. Әубәкіровтің қызметтен өз еркімен кету жөніндегі  арызы  қанағаттандырылды.  Бұған қоса, оның екі орынбасары Б. Тұрғынов пен Т. Сағынаев өз еріктері бойынша   жұмыстан  босату туралы арыз берді.

Комитет Төрағасының бұйрығымен Алматы қаласындағы ХҚКО-ның басшылары  орын  ауыстырды: бұрын   Алмалы  аудандық ХҚКО-ның  директоры   қызметін атқарған  А. Ахметов енді Медеу аудандық ХҚКО-ның директоры лауазымына  тағайындалса,  оның орнына бұрын  Бостандық ауданының ХҚКО басқарған Г. Құлмұхамед тағайындалды. Бостандық аудандық ХҚКО А.Мамажанова басқаратын болды.

Комитет Төрағасы Б. Әбішевтің айтуынша: «Бүгінгі күні ХҚКО қызметкерлерінің жұмысының сапасыздығы  мен қызмет көрсетуді ұсынушы-  өкілетті мемлекеттік органдардың  өзара қарым-қатынасының әлсіздігі, сыбайлас жемқорлық фактілерінің көрініс беруі азаматтардың ренішін тудыруда.  Осыған орай, Комитет Мемлекет басшысының  сыбайлас жемқорлыққа  жол беретін әрекеттерді  болдырмау туралы  тапсырмасын орындау мақсатында  белсенді түрде жұмыс атқаруда.  Қазіргі  күні  Комитет  ХҚКО-ның басшылары  құрамының  жұмыс сапасымен танысып, сараптама жүргізілуде. Сараптама қорытындысы бойынша  тиісті шешім қабылданатын болады».

Естеріңізге салып өтеміз, ағымдағы жылдың 4 мамырында Қазақстан  Республикасының  Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен  ХҚКО-ның басшыларының  жиналысы  болып өтті. Күн тәртібінде қаралған басты мәселелердің бірі-ХҚКО жұмысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.  Жиналыста  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг қорытындылары жарияланды. Мониторинг статистикалық мәліметтерге сараптама жүргізу, «Трансперенси Қазақстан» ҚҚ жүргізген зерттеулерімен және  бизнес-үдерістермен танысу, жасырын түрде сауалнама жүргізу және Министрдің блогына  азаматтардан келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарға сараптама жүргізу  нәтижесінде  шығарылды. Отырыс соңында Асқар Жұмағалиев Комитетке анықталған фактілер бойынша   бір аптаның ішінде қызметтік тексерулер жүргізіп, басшылықтың жауапкершіліктері туралы ұсыныстар беруді тапсырған болатын.

ҚР БАМ Баспасөз қызметі

/7172/ 74-10-04

mci.gov@gmail.com

www.mci.gov.kz

0 пікір