Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2374 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 06:41

Алдағы маусым айында Астанада М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гастролі өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу аясында 2011 жылдың 10-12 маусымы аралығында Астана қаласында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гастролі (Алматы) өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрінің Баспасөз қызметінен.

3 гастрольдік күн ішінде театр Астананың тұрғындары мен қонақтарының назарына 3 спектакль ұсынатын болады. Атап айтқанда: Қ.Ысқақ және Шахимарденнің «Қазақтар» тарихи драмасы (режиссері Т.Жаманқұлов), қырғыз драматургы Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» драмасы (режиссері Е.Обаев), М.Әуезовтің «Абай» (режиссері Е. Обаев) трагедиясы.

Спектакльдерде С.Оразбаев, Т.Жаманқұлов, Т.Тасыбекова, А.Бектемір, Р.Хаджиева, Ж.Әміров, О.Қиқымов, Ү.Сейтімбет, Д.Ақмолда, А.Боранбай, Е.Біләлов, Б.Тұрыс, Д.Жүсіп, Ш.Жанысбекова сынды белгілі театр артистерімен қатар жас буын актерлер Қ.Мамытқалиев, Е.Дайыров, Б.Манжігітов және Г.Шыңғысовалар ойнайды.

10 маусым - Қ.Ысқақ және Шахимарден - «Қазақтар»

11 маусым - Б.Жәкиев - «Жүрейік жүрек ауыртпай»

12 маусым - М.Әуезов - «Абай»

Спектакльдердің басталуы сағат 18.30-да.

0 пікір