Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 06:37

Екі адам жарылыстан қаза тапты

Кеше түнгі сағат 03.37 минутта Астана қаласының Орталық басқару бөліміне, Шынтас көшесі №6 үйдің жанындағы алаңда жарылыс болды, деген хабар түсті. Жедел-іздестіру тобы оқиға болған жерден өртеніп кеткен қызыл түсті, мемлекеттік нөмірі S 103 ТЕМ, 1991 жылы зауыттан шыққан «Ауди-100» маркалы автокөлігінің қаңқасын тапты, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Жарылған БМВ көлігінің ішінде екі адам болған, екеуі де сол жерде қаза тапты. Автокөлік өртенген жер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы ғимаратына жақын болғандықтан ел арасында «экстремистік топтың мүшелері террористік акті жасапты» деген қаңқу сөздер пайда болды. Алайда оқиға орнында тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізген құзырлы органдардың қызметкерлері мұндай версияны бірден жоққа шығарды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі, полковник Кенжеболат Бекназаров: «ҰҚК ғимаратының алдында тұрған көліктен өрт шығып, кейін ол жарылды. Кез келген автокөлік кез келген жерде өртенуі мүмкін. Бұл іспен Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері айналысуда» деп мәлімдеді. Демек, бұл жарылысты Ұлттық қауіпсіздік қызметімен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ. Жарылысқа діни экстремизмнің де ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, көліктегі жарылыс кезінде қаза тапқандардың екеуі де экстремистік ұйымдарға қатысы жоқ. Қазір олардың құжаттары табылған, тек қаза тапқандардың құжаттардағы аты-жөндеріне сәйкестігі анықталуда.
- Оқиға орнында қаза тапқан сырт пішіні еуропалықтарға келетін екі ер адамның кімдер екендігі әлі толық анықталған жоқ, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінен полиция полковнигі Олег Ивашенко, - бірақ сол жерден табылған жүргізуші куәлігі мен аңшы билеті Қырғызстан Республикасында 1962 жылы туған, қазір Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында тұрып жатқан Кельплер Дмитрий Юрьевичтің атына жазылған, ал екінші төлқұжат Қазақстан азаматы, 1985 жылы туған, Екібастұз қаласының тұрғыны Черемухин Иван Александровичке берілген екен. Черемухин бұдан бұрын екі рет алаяқтық жасап, бір рет ұрлықпен ұсталып сотталған. Сондай-ақ жұмыс істемейтін «Сони-Эриксон» ұялы телефоны табылды. Оқиға орнын тексеру барысында анықталғаны - жарылыс болған автокөлік «ҚТЖ» АҚ өндіріс объектілерінен және тұрғын үйлерден алысырақ, бос алаңда тұрған. «ҚТЖ» АҚ автокөліктеріне ештеңе болған жоқ, тек жақын маңайда тұрған үйлердің терезелері жарылыс толқынымен сынған. Тұрғындар зардап шеккен жоқ. Алдын ала жасалған версия бойынша, автокөліктегі екі адамның өліміне адамды жарақаттайтын - болт, шеге, т.б. темір сынықтарынан жасалған жарықшақтар қосылмаған түтінсіз қопарғыш заттың өздігінен тұтанып, жарылуы себеп болған. Осындай жағдайларға қарап террористік актінің белгілері жоқ деп тұжырымдауға болады. Жарылыс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

aikyn.kz

0 пікір