Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2393 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 06:35

Құлаған ағаштар қашан жиналады?

Бұл сұрақ Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің басшылығын қатты толғандырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 17 мамыр күні Алматы қаласында дүлей дауыл тұрды. Күтпеген жерден соққан сойқан жел Іле Алатауы бөктерлеріндегі 5 мыңнан астам ағашты тамырымен қопарып тастады. Қазір парк басшылығын дауылдан құлаған ағаштарды қысқа мерзімде жинап алу мәселесі қатты толғандырып отыр. Кеше біз Медеу және Шымбұлақ шатқалдарында құлаған ағаштарды көзімізбен көріп, ұлттық парк мамандарының пікірін біліп қайттық. Медеу шатқалына кіреберістегі экологиялық тірек пунктінде Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлерімен кездесіп, Алатаудың қия бетіне өрмелеп, жоғары көтерілдік. Мұнда құлаған ағаштардан аяқ алып жүру - өте қиын. Орманды қорғау, молайту, орналастыру бөлімінің инженері Жарқын Жұмайұлы мен ұлттық парктің аң танушысы Дәулет Қуандықов Медеуде дүлей желдің қалай басталғанын, сондағы алған әсерлерін бізбен кезек-кезек бөлісті. «Дәл сол күні мен қызметте едім. Шамамен сағат сегізге жақындағанда ерекше бір гүріл естілді. Дауыл қуатының күштілігі сондай, 300-400 жылдық ағаштар бірінен кейін бірі құлап жатты», - дейді бөлім инженері Жарқын Жұмайұлы.
Жарқынның айтуынша, осы оқиғадан кейін ұлттық парк қызметкерлерімен шұғыл жиын өткізіліп, оларға құлаған ағаштарды белгілеп, есепке алу тапсырылыпты.

- Қазір Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің Талғар, Медеу, Ақсай секілді бөлімшелерінде құлаған ағаштарды есепке алып, белгі соғу шаралары жүргізілуде. Шындығы керек, дауыл ұлттық паркті қиын жағдайға душар етті. Сан ғасырлардан бері Алатаудың көркіне көрік қосып келе жатқан мыңдаған алып ағаш түп-тамырымен жұлынды. Дәл қазір қанша ағаштың құлағанын ешкім нақты білмейді. Оны кейін айтамыз. Қазіргі болжам шамамен 5 мыңға жуық. Екіншіден, біз үшін ендігі басты міндет - құлаған ағаштарды тез арада жинап алу. Бұған біздегі 50 шақты адамның шамасы келмейді. Сондықтан да бұл істі Үкіметтің өзі бақылауға алып, қажетті қаржы бөлмесе, мұның арты насырға шабуы әбден мүмкін. Өйткені алдағы жаз өте ыстық болатын сыңайлы. Құлаған ағаштар кеуіп-өртенуі мүмкін. Бұл паркке қауіп төндіреді. Тағы бір айтарым, мұнда кейбір аумақта құлаған ағаштарды алу үшін арнайы техникаларды қолдануға болады, енді бір жерлерде, әсіресе таудың қия беткейлеріндегі ағаштарды кесіп, оларды басқа жерлерге тасымалдауды тек қол күшімен ғана жүзеге асыруға болады. Сондықтан да бұл іске Алматы облысындағы Нарынқол, Кеген және Шығыс Қазақстан секілді, т.б. таулы аймақтардан тәжірибелі мамандармен қоса, қажетті де арнайы техникаларды шұғыл жеткізіп, көмек берілсе жөн болар еді. Үкімет шұғыл көмек қолын ұсынғаны жөн, - деп бөлім инженері Жарқын Жұмайұлы өзінің алаңдаушылығын жеткізді.
Ұлттық парктің аң танушысы Дәулет Қуандықов Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінде аңдар мен құстардың сан алуан түрі кездесетіндігін, алайда дауыл салдарынан орын алған оқиғадан кейін бірнеше күн бойы аң-құстардың көрінбей қалғанын жасырмады.
- Таудың бір көркі - жан-жануарлар. Мысалы, біздің ұлттық паркімізге тиесілі аймақта аю да, қасқыр да, қар барысы да, қоянның сан түрі, қабан, сондай-ақ әсем әуезді үнімен табиғатты ерекше күйге бөлейтін құстардың сан алуан түрлері кездеседі. Өкініштісі сол, дауылдан кейін аймақта құстардың сайраған дауысы азайды. Сондықтан да біздің басты міндетіміз - Іле Алатауы мен ондағы аң-құстарды сақтап қалу үшін құлаған ағаштарды мүмкіндігінше тездетіп жинап алуымыз қажет. Осы мәселе ұлттық парктегі әрбір қызметкерді қатты алаңдатып отыр, - дейді Дәулет Қуандықов.
Ағаштардың дені жинап алынған соң, оларды Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің құрамындағы төрт бөлімнің жұмысшылары мен қызметкерлері үшін қажетті қызметтік кеңселер мен тұрғын үйлер салуға жұмсау жоспарлануда.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608