Жұма, 17 Мамыр 2024
2981 5 пікір 11 Наурыз, 2019 сағат 11:48

Ердоған: Ресейден С-400 кешенін сатып алудан бас тартпаймыз

Вашингтонның қарсылығына қарамастан, Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ресейден С-400 зенитті зымыран кешенін сатып алудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

"С-400 кешеніне келер болсақ, келісім жасалған, одан бас тарта алмаймыз, С-400 кешінен соң біз С-500 кешеніне көшуіміз мүмкін", деп мәлімдеді Ердоған 6 наурызда 24TV түрік телеарнасына берген сұхбатында.

5 наурызда АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің әуе қорғаныс кешенін сатып алмауын Түркияға ескерткен. Олай болмаған жағдайда, Вашингтон Түркияны жаңа F-35 жойғыш ұшақтары жобасына қатыстырмайды.

Бұған дейін АҚШ Ресейдің С-400 кешені НАТО елдерінің қорғаныс жүйесіне сәйкес келмейтінін бірнеше мәрте ескерткен. Вашингтон өзінің "Пэтриот" зымыранға қарсы кешенін Түркияға сатудан бас тартуы мүмкін.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркия 2,5 млрд долларға С-400 кешенінің төрт дивизионын сатып алғысы келеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2223
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1628