Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3539 1 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 10:02

Күләш Шамшидинова: "ҰБТ балаларды стрестік жағдайға душар етпеуі керек"

Қазақстан Республикасының су жаңа Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова "Ұлттық бірыңғай тестілеу балаларды стрестік жағдайға душар етпеуі керек" деп мәлімдеді. Бұл туралы Абай-ақпарат хабарлайды. 

Қазақстанның білім саласында түрлі реформалардың жиі жасалуына байланысты еліміздегі Ұлттық бірыңғай тестілеуі де жиі өзгерістерге түсіп жүргені анық. Министр ауысқан сайын неше түрлі жаңалықтарымен келеді. Олардың арасында білім саласына пайдалы өзгерістер де болып тұратыны рас. Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова биылдан бастап тест бұрынғыдай бір мәрте емес, бақандай төрт рет тапсырылатын айтты. Министрдің айтуына қарағанда бұл қадам оқушылардың стрестік жағдайға түспеуіне септесетін көрінеді.

Күләш Шамшидинова, Білім және ғылым министрі:

"Білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудегі бағалау жүйесін объективті, қолжетімді, ашық әрі әділ етуді алдыға мақсат етіп қойып отыр. Алдағы жылы мұнан басқа анау айтқандай өзгерістер болмайды. Яғни, біз ҰБТ-ға тағы да өзгеріс енгізу бастамасын көтермейміз. Қазір ҰБТ-ны түлектерге 4 рет тапсырту үрдісі жүргізіліп жатыр. Биылғы түлектер мектепті тәмамдаған соң, ақырғы ҰБТ-ны тапсыруға келеді. Оған дейін олардың ақылы оқу орнына түсуіне, межелі баллды алдындағы үш тестен жинап алуына мүмкіндіктер қарастырылды. Яғни, олардың стрестік жағдайға душар болмауына барлық жағдайды жасап отырмыз. Сондықтан енді балаларды "ҰБТ-дан өтпей қаласың" деп стрестік жағдайға итермелеудің реті жоқ. Дегенмен де біз ҰБТ сұрақтарының мазмұнын байыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл оқушының қай тақырыпты білетінін, қай тақырыпты білмейтінін анықтап береді деп ойлаймын. 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1591
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1235
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1209