Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3214 5 пікір 4 Наурыз, 2019 сағат 14:27

СІМ: Қытайдағы қазақ азаматтарының мәселесі біздің жіті бақылауымызда

Шетелдегі этникалық қазақтардың мәселесі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің басты назарында. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. 

Бейбіт Бәкірұлы 4 наурыз күні Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатына келіп, баяндама жасаған еді. Сонда Сыртқы істер министрі Қытайдағы қандастардың мәселесіне тоқталды. Белгілі және белгісіз себептермен Қытайда ұсталған қазақ азаматтарының саны 80 пайызға азайғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақта Қытайдағы этникалық аз ұлттардың мәселесі әлемдік ақпараттың бақылауында екені белгілі. Қазақстандық мемлекеттік емес ұйымдар аталған мәселеге қатысты біраз мәселе көтерді. Дейтұрғанмен, шетелдегі қандастардың мәселесі бірінші кезекте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің назарында екені даусыз.

Осыған орай Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов министр мырзадан Қытайда ұасталған қазақтар туралы депутаттық сауал қойды. Олардың мәселесін шешу процессінің қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

Министр қолында бар мәліметтерден дерек келтіре отырып, депутат сауалына жауап берді. Министрдің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы Қытайда қос азаматтыққа ие болған 33 адам қамауға алынған екен. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің араласуымен, 20 азамат Қазақстанға қайтарылған. Сондай-ақ, Қытайда қамауда отырған қазақтар мәселесіне қатысты Сыртқы істер министрлігіне 1387 арыз келіп түскен.

"Түскен арыздар бойынша әр адаммен бөлек жұмыс істеп жатырмыз. Себебі әрбірінің жағдайы әртүрлі.Онда лагерьлерінің мәселесі бүкіл әлемде мұсылмандардың құлағын шулатып жатыр. Негізі Қытайдың өзінің ішкі саясаты бар. Бірталай дипломат сол лагерьлерді көрді. Бүкіл әлем Қытайға қатты қысым жасап жатыр, - деді министр мырза.

Бейбіт Бәкірұлының айтуынша, Қытайдағы этникалық қазақтар "жеңілдік алып жатыр".

"Бізге түскен мәлімет бойынша, Қытайда ұсталған қазақтар саны 80 пайызға азайған. Бәрін шетінен босатып жатыр. Биыл қазақтар тағы да жеңілдік алып жатыр. Ішкі істер министрлігімен, басқа да органдармен жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы этникалық аз ұлттардың саяси қысымға ұшырауы туралы мәліметтер 2017 жылдан бастап әлемдік ақпаратта ашық жарияланып келеді. "Abai.kz" ақпараттық порталы да өз кезегінде Қытайдағы қандастар мәселесін күн тәртібінен түсірген емес.

Ал БҰҰ мәліметіне сенсек, Қытайдағы саяси-үйрету лагерлерінде миллионға жуық мұсылман отыруы мүмкін. Қытай билігі ресми түрде лагерлердің бар екенін мойындады. Алайда ондай лагерлер "оқыту және үйрету" лагерлері екенін алға тартты. Қытай билігінің түсіндіруінше, мұндай амалдар Шыңжаң аймағында терроризм мен экстремизм қаупін сейілтіп, азаматтарды "радикалды діни ағымдар" жетегінде кетуден сақтайды.

Қытайда тұратын этникалық қазақтардың туыстары бұған дейін Қазақстанның ірі қалаларында баспасөз конференциясын өткізген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 364
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 193
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 203
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 204