Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
1971 0 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 10:42

Шымкентте шағын кәсіпті дамыту үшін 829 млн тг. көлемінде микронесие алған

Президент Н.Назарбаевтың Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуінің төртінші бағыты –  «шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Яғни, өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие берудің  тиімді тетігі.  

2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілген.

Президент тапсырмасымен былтырғы жылы оған қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған.

Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жетеді деп болжанған болатын.

Бұл бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды.Әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екені сөзсіз.

Президенттің осы бастамасы бойынша өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, қазіргі таңда Шымкентте нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында атқарылып жатқан игі істер аз емес.

Шымкенттегі Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, шағын кәсіпті дамыту бойынша қалада 2018 жылдың қаңтар айынан бері, яғни жыл басынан қазірге дейін 290 адамға сертификат берілген. Оның ішінде 64 азамат кәсібін дамытып, өркендету үшін 829 млн теңге көлемінде микронесие алған. Оларды атап айтсақ,

- 11% немесе 7 азамат (ірі мал бордақылау)

- 47% немесе 30 азамат (қызмет көрсету саласы)

- 17% немесе 11 азамат (өнеркәсіп)

- 3% немесе 2 азамат (білім)

- 20,5% немесе 13 азамат (сауда-саттық)

- 1,5% немесе 1 азамат (құрылыс).

Ал, Ақтөбе облысында  өткен жылы президент тапсырмасына сәйкес, бюджеттен кәсіпкерлерге  шағын несие беру үшін   870 миллион теңге бөлінген. Оған қосымша 540 миллион теңгені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қосты. Барлығы 1 миллиард 400 миллионнан астам қаржы екінші деңгейлі банктерге аударылған.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған Үкіметтің 20-20 бағдарламасы бойынша 351 жоба қаралған. Жобалардың жалпы құны 6,3 миллиард теңгені қажет етті. Алайда  арнайы құрылған комиссияның шешімімен 274 жоба мақұлданыпты.

Дегенмен іріктелген  жобаларды әрі қарай қаржыландыру үшін  олар екінші деңгейлі банктердің облыстағы филиалдарына жіберілген.

Мәселен, «БТА банк» акционерлік қоғамына  67 жоба бағытталса,  Еуразиялық банкке – 111, Центр Кредит банкіне 93 жобаны қаржыландыруға жіберілген.

Қазіргі кезде банктер жіберілген жобалардың 49-ын қаржыландырып жатқан көрінеді. Яғни банктер өздеріне аударылған қаржы көлеміне қарай әрекет етті

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2390
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574