Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2046 0 пікір 18 Ақпан, 2019 сағат 15:57

Студенттерді жатақханамен қамту үшін мемлекеттен 118 миллиард теңге бөлінген

Президент Н.Назарбаевтың Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуінің үшінші бағытында  - «студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысыгың осы бастамасына сәйкес, өңірлерде түрлі шаралар қолға алынып жатыр.

Мәселен, биыл Түркістан облысында жоғарғы оқу орындары және орта арнаулы кәсіптік колледж студенттерін жатақханамен қамту мәселесі шешімін таппақ.

Бүгінде өңірде 153 мың астам студент білім алуда. Солардың 11 330 ы жатақхана орнын қажет етеді, яғни, 28 жаңа жатақхана құрылысын салу қажет.

Оның ішінде жоғары оқу орындары студенттері үшін 7 800 орындық 17 жатақхана, ал колледж студенттеріне 3530 орындық 11 жатақханаға қажеттілік бар. Бүгінгі күні 9 колледжге жатақхана құрылысына салу үшін жер 5 гектар жер бөлініп отыр. Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын болады. Баспаналы болу басты арманы болғандарға да мүмкіндіктер қарастырылған.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл жеке құрылысшылармен 104 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңында жалпы алаңы 121 мың шаршы метрді құрайтын 1454 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың барығы да «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін болады. Бүгінгі күнге 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Ағымдағы жылы 780 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, студенттерді толықтай жатақханамен қамту үшін құрылыс жұмыстарына мемлекет 118 миллиард теңге қаражат бөлінген. Ал аталған сомма 10 жыл ішінде кезең-кезеңімен жұмсалатын болады.
Уақытша баспананың  алғашқы құрылысы Алматыда басталмақ. Себебі, мұнда басқа өңірлерге қарағанда жатақхана тапшылығы өте өткір. Мәселен, мұндағы Асфендияров атындағы медициналық университетте 9 мың студент бар. 7 жатақханасы бар болғанымен, оған тек 2 мың студент сияды. Білім ордасы былтыр мәселені шешу үшін өз бюджетінен 512 орынды жатақхана құрылысын бастаған. Биыл дайын болады. Бірақ әлі 6 мыңдай студенті пәтер жағалайын деп тұр.
Ал, негізінен студенттік баспананың құрылысы барлық қалада жүретін болады.

Ресми мәліметке сүйенсек, студенттер үйін салу жоғарғы оқу орны мен жеке компанияларға жүктеледі. Ал, бөлінген қаражат «Қаржы орталығы» АҚ арқылы беріледі. Сондай-ақ, жатақхана құрылысын субсидиялау үшін бастаманы "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасына енгізу де қаралған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2006
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1993
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1581