Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3314 1 пікір 23 Ақпан, 2019 сағат 13:14

Асанәлі Әшімов өзі оқыған білім ордасында қонақ болды

Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов өзі оқыған 75 жылдық тарихы бар  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қонақта болды.

Елбасымыз жариялаған биылғы «Жастар жылы» аясында елімізде көптеген жобалар қолға алынып, әртүрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға аян. Осындай жобалардың бірі ретінде, КСРО халық әртисі, Қазақстан Республикасының халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, ұстаз Асанәлі Әшімовтың шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театры. Консерватория сахнасында абыз ақсақалдың шәкірттері  «Соңғы қоңырау» атты поэтикалық драмасын консерваторияның үлкен концерт залында жиналған көпшілікке ұсынды.

Қойылым шымылдығын ашқан консерватория ректоры Арман Жүдебае театр ұжымына шығармашылық табыстар тілеп ризашылығын білдірді

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1956 – 1961 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің актер мамандығы бойынша білім алған. Кездесу барысында қазақ кино және театр өнерінің мэтрі студенттік шағын есіне алып, консерватория ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Abai.kz

1 пікір