Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
4712 3 пікір 22 Ақпан, 2019 сағат 10:25

Қазақстан көкөніс пен жеміс-жидекті Қырғызстан мен Өзбекстаннан тасуға тыйым салды

Қазақстанда 19 ақпаннан бастап Қырғызстан мен Өзбекстан өнімдерін әкелуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, Қырғызстаннан картоп, алма және құрма әкелуге шектеу қойылса, Өзбекстаннан анар тасуға тыйым салынған. "Соңғы уақытта тазалық ережелері сақталмаған өнімдер көбейіп кетті" делінген министрлік хабарламасында.

2018-2019 жылдар аралығында Қазақстанға Қырғызстаннан әкелінетін жүктерден 465 мәрте тазалық ережесі бұзылғаны анықталған. Соңғы айта Өзбекстаннан тасылған анардан екі мәрте Комсток құрты түскені байқалған.

Қырғыз шаруалары картопты қайда өткізетінін білмей отыр. Ыстықкөл облысында шамамен 500 мың тонна картоп сатылмай қалған. Қырғыз шенеуніктері өнімді Алматы базарларына тасымалтау туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1997
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2419
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1974
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577