Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Африкалықтың арманы... 3402 2 пікір 18 Ақпан, 2019 сағат 13:29

Қара сораны заңдастыру керек пе?

Кезінде Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «Біз үйренетін Еуропа мен Батыс бір молда емес, мың молда» деген болатын. Әрі атамыз қазақ «Молданың істегінін істеме, айтқанын істе» дейтін, соның керін орыс тілді ақпарат құралдары келтіріп отыр. Қара сораның заңсыз өндірілуі мен сатылуына заң жүзінде тосқауыл қойылып отырса да, БАҚ арқылы «Қара сораны заңдастыру мәселесін көтерушілердің» не көздегені бар.

Осы орайда екі нәрсе ойға оралады. Біріншісі – бизнестің осыған мүдделі тобы жұрт тамырын басып көргісі келіп отыр. Екіншісі – ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз тапқан ақшасын заңдасыру үшін осы қадамға барып отырған секілді.

Жақында  ғана Канада мемлекеті қара сораны өндіру мен сатуды заңдастырды. Батыста «жеңіл есірткі» деп жарнамалатын осы бәңгілік марканы бұған  дейін Нидерланд елі заңдастырып, тұтыну еркіндігін жолға қойған болатын.  Ал, каннабис өндіруді жолға қойған АҚШ кейбір штаттарында 300 мыңнан аса жұмыс орны ашылып отырғаны да жасырын еместігі «Қара сораны заңдастыру мәселесін көтерушілердің» басты көзірі болып отыр.

Осы мәселені көтерушілер екі бірдей дәйекті алға тартады: оның бірі – салық түсімі, екіншісі – туризм. Әрі оны тұтынушылар мен өндірушілер қазақ экономикасының дамуына үлес қосады-мыс... Сондай-ақ, шет елдік инвесторлар бұған ықылас танытып, ақшасын салатындығы да «Қара сораны заңдастыру мәселесін көтерушілердің» назарынан тыс қалмай отыр.

Бұған тіпті кейбір қазақ экономистері "Бұл саланы дамыту керек. Бірақ май мен мата өнідіруді жолға қойса, Жамбыл облысының өндірісі дамып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Әрі заңсыз басқа мақсатқа пайдаланушыларды тізгіндеуге мүмкіндік туады" деген уәжді алға тарта бастады. Әрі осы салаға қомақты ақша салатын шет елдік инвесторлар «жеңіл есірткі» өндіру үшін емес, май мен мата өнідіру үшін құлық танытатынын қазақ сарапшылары жоққа шығармайды.

Сонымен каннабистік салық түсімі мен туризмді желеу ету кімдерге әрі не үшін керек болып отыр. Жауапты Сіздер беріп көрсеңіздер!

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2288
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1875
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552