Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Алаң 4527 8 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 14:50

Үй алғысы келетін 1237 отбасының өтініші кері қайтарылған

Кеңестік дәуір жұртты «коммунизм» мифімен алдаусыратын. Тәуелсіздік алғаннан кейін оның орынын «Дамыған 50 елдің қатарына қосылу» мифі алмастырды. Осы мифтің бір тармағындай болған  өз жерінде баспанаға зар болып болып, кім көрінгеннің босағасын сағалап жүрген баспанасыз қазаққа демеу болған «7-20-25» ипотекасы екені дау тудырмайды. ҚР Ұлттық банкісінің төрағасы Данияр Ақышев  «7-20-25» ипотека бағдарламасы бойынша несиелендіруде мыңнан аса отандасымыздың талабы кері қайтарылғанын алға тартты.

Лауазымды тұлға 17 қаңтардағы жағдай бойынша келіп түскен 5 587 өтінімінің 52 млрд теңге көлеміндегі 4350-і қанағаттандырылып, осының 17% құрайтын 1 237 өтініш кері қайтарылғанын мәлім етті. Оның себебі нашар несие тарихы мен табыс көзінің жетімсіздігінен болып отыр екен.

Еске сала кетейік бағдарламаның бас операторы «Ипотекалық ұйым «Баспана» АҚ» болып саналады. Қарызға үй алушыға қойылар талап жеке үйінің және өзге де ипотекалық зайымдарының болмауы, кәсіпкерлік және еңбек қызметі арқылы тұрақты табысы бар екенін дәлелдей алу болып табылады. Әрі осы 25 жылға дейін берілетін 7% мөлшеріндегі несиені алу үшін пәтер құнының 20% алдын ала төлеу шарты орындалу керек.

Бірақ өмір көрсетіп отырғандай осының барлық шартын орындауға 17 қаңтардағы жағдай бойынша 18 миллион отандасымыз үшін 4350-інің ғана мүмкіндігі болып отыр. Ал, бұл шартты орындай алмайтын баспанасыздар тобына Үкімет тарапынан жаңа әлеуметтік бағдарлама жасау керек. Олай етпесек, қапияда көз жұмған 5 сәбидің жағдайы тағы да қайталанады. Себебі жаз айларында еліміздің Шығысы мен Солтүстігінде пәтер жалдап тұру арзандап, қыс көзі қырауда жалдау бағасы шарықтап кетеді.

Үйді қолма-қол ақшасын санап беріп сатып алушылар сирек. Ал, ипотекаға үй алудың да ауы мен бауы жетіп артылады. Оны алуға керек десеңіз тұрақты жұмысы жоқ, нәпақа үшін қаланы сағалаған қалың көпшілік еш тәуекел етпейді.

Баспанамен қамтамасыз етудің тағы бір жолы жеке құрылыс компанияларына бірте-бірте сатылатын жалдамалы пәтер салуға жағдай жасау. Аяғынан қаз тұрған құрылыс материалдарын өндіруші және тұрғын үй салатын жеке компаниялар арасында альянс құрылып, отандық жұмыс күші мен құрылыс материалдары негізінде екі қабаттық жалдамалы пәтерлер салуға жеңілдіктер берілсе, оны жалға алып, бірте-бірте жекеменшігіне алам деушілердің тізімі ірі қалалардағы пәтер кезегінде тұрғандардың негізінде жасалса, ай сайын төлейтін пәтер ақы құны 25-30 мыңнан аспаса, сәбилердің өмірін қиятын оқиғалар орын алмас еді.

Баспанасыз  қазақ үшін ипотекадан өзге жол – бірте-бірте сатып алуға болатын отандық өнімдер негізінде тұрғызылған жалдамалы пәтер. Бұлай етуге экономикалық мүмкіндігімізде бар. КСРО кезінде ҚазКСР-інің «Құрылыс индустриясының отаны» саналатын ШҚО Семей қаласындағы бұрынғы құрылыс материалдарын өндіретін өндіріс орындарын мұраға алған жеке компаниялар аяғынан қаз тұрып үлгерді. Енді тек саналы да, жоспарлы бағытталған үкіметтік іс-шараны қажет етіп отыр.

Баспанасыз  қазақ үшін ипотекадан өзге жол – бірте-бірте сатып алуға болатын жалдамалы пәтер. Бұлай етсек, пәтер салып берем деп, жарнамасын жарқыратып, елді алдап соғатын бүгін бар да, ертең жоқ бір күндік құрылыс фирмаларынан да құтыламыз. Әрі тендермен үй салғыштардың да жемқорлық кәззаптығынан арыламыз.

Қазақ атамыз «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деп тегін айтпаған, қара халық үшін баспана тұрғызуды кім көрінгенге емес, өзі өндіріп, өзі салатын құрылыс компанияларының қолына берген оңды.

Әбіл-Серік Әликапарұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1409
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1242
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1000
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1069