Жұма, 17 Мамыр 2024
3818 4 пікір 7 Ақпан, 2019 сағат 10:05

Арендалық пәтер салу үшін бюджеттен 35 млрд теңге бөлінбек

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Үкімет үйсіз жүрген көп қазақтың мәселесін шешуге бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кеткен сыңайлы. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. ҚР Үкіметі қазір көп балалы отбасыларға пәтер салуға қаржы іздестіріп жатыр екен. Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек мырза хабарлап айтты. 

Астанадағы шетін оқиғадан кейін көп балалы аналар Үкімет пен жергілікті басшылар (әкімдіктер) көп балалы аналардың талап-тілектерін, мұң-мұқтаждарын тыңдаған еді. Содан белгілі болғандай, көп балалы отбасылардың көбінің басты проблемасы - пәтер болған. Президент пәрмен беріп, Үкімет көп балалы аналардың мәселесін шешуге кірісіп кеткен екен. ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрі Жеңіс Қасымбек Астанада алқа-қотан жиын өткізіп, көп балалы отбасыларды пәтермен қамту үшін жаңа пәтерлер салынатынын айтты.

Министр мырзаның айтуынша, баспанаға мұқтаж, ұзақ жылдар баспана кезегінде тұрған көп балалы отбасылардың проблемасын шешудің бір жолы - пәтерді жалға беру. Яғни, арендалық пәтерлер салу. Ол үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлінуі керек.

"Биыл ондай пәтер салуға қаржыны көбейтпекпіз, осыған дейін 25 миллиард теңге бөлінген болса, енді бұл мақсатқа әкімдіктерге 35 миллиард теңге береміз. Соның есебінен төрт мың арендалық пәтер салынады. Егер жыл сайын 700 пәтер салынып келсе, қазір оның санын екі-үш есе көбейту керек. Біз министрлік атынан осындай ұсыныс енгіземіз", деді министр.

Ресми деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде арендалық пәтер кезегінде тұрған қазақстандықтардың саны 28 мыңнан асады. Ал Үкімет салып беретін арендалық пәтерлер екі бөлмелі болады. Оны жалдаудың құны шамамен 8-10 мың теңгені құрайды. Бұл сөзсіз әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін өте қолайлы баға болмақ.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624