Жұма, 17 Мамыр 2024
5805 0 пікір 5 Ақпан, 2019 сағат 11:11

Алматыда «Қорқыт сарыны» атты қобызшылар концерті өтеді

Күйші-композитор, аты аңызға айналған тарихи тұлға Жаппас Қаламбаевтың 110 жылдығына арналған «Қорқыт сарыны» атты қобызшылар концерті   08 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында өтпекші.

Жаппас Қаламбаев – қазақтың қасиетті қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, күйші Қорқыт пен Ықыластың өнерін жалғастырушы тұлға.

Концертке: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі – Құндыз Қаламбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, ҚР Мәдениет қайраткері –Раушан Оразбаева, Республикалық конкурстардың лауреаттары:Айгерім Қарсақбаева, Ақайша Жұрбай, Мақсат Медеубек, Меруерт Ақанаева, Ерсейіт Алиев, Аятолла Тұрғанов, Азамат Жаханбек, Шынар Балтина, Ажар Еркебулановалар қатысады.

Дирижер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Жанас Бекентұров. 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83
Уақыты: 2019 жыл, 08 ақпан, сағат 19.00-де.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624