Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 5546 19 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 11:11

Әлемдік қауымдастықтың қазаққа неге бүйрегі бұра қалды?

Әлемдік қауымдастық тек көргісі келгенді ғана көреді. Көргісі келмегенді ешқашан көрмейді. Шынтуайтына келгенде, "Қытайдағы қазақ мәселесін әлемдік қауымдастық "Атажұрттың" айтқанынан кейін ғана көріп, сенсация болды" деген баланың қиялы секілді дүние. 

Израил мен Палестина арасындағы қақтығыс салдарынан қырылып қалған қарусыз жастарды "Жедел жәрдемге" бермей, оларды да мылтықпен қорқытып жақын видеоларды біз мақтаған батыс өркениетінің өкілдері де түсірген, бірақ бірде-бір телеарналары көрсеткен жоқ. Осындай әлемдік қауымдастықтың бүйрегін қазаққа бұрғызып отырған не "құдірет"?

"Атажұртың" жанайқайы ма?

Әлде, сол жақтағы "ұйғыр мәселесіне" араласудың "төте жолы осы болып отыр ма" (демократияны сылтау етіп, адам құқығын желеулеткісі келе ме)?

Батыстың араб түбегін 19 жыл "демократияландырды". Олардың осы "жақсылығынан" сабақ алмау, отпен ойнау емес пе?

Африкада аштық пен СПИД-тен қырылып жатқан өз "колонияларының" басындағы нәубетін көрмеген көздері, қытайдағы қазақтың нәубетіне қырағылық танытуы неліктен?

Оған былай жауап беріп көрейік. Сирияда тауы шағылған "демократтарға", жаңа бір ойын алаңы (полигоны) керек екені бәріне аян.

Қытайдағы қазақ мәселесі, сыртқы алпауыттардың кезекті ойыны үшін "дайын ас" болып, аласапыран заманда шатқаяқтап әрең тұрған біздің еліміз, осы ойынның ортасында қалып кетпеуіне кім кепіл?

Сұрақ көп. Мойнына жауапкершілік алатын ешқандай тұлға да, ұйым да жоқ. Мұндай шекарасы жоқ гибридтік соғыстарда, жауапкершілікті мойнына тек мемлекет қана ала алады. Өйткені, елді басқарып, елдің саясатын жүргізіп отырған - сол мемлекет. Ертеңгі күні сол саясаттарға да жауапкер болатында сол үкімет. Бұл жерде үкіметімізді жаман десек те, жақсы десек те, барлық проблеманы өз мойнына алып, мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілгені дұрыс. Қалай болғанда да, мұндай жағдайда жауапкершілік алдыңғы сапта тұратын болады.

Ал ұйымдар мен телеарналардың түпкі мақсаттары, көксегендері былайғы жұртқа қашанда беймәлім.

Әрбір әдемі сөзге "Әп бәрекелді!" деп өре түрегелетін заман емес қазір. Мемлекетімізге қауіп төндіретін әрбір істе "көрегендік" керек.

Сақал сұраймын деп, самай шаштарынан айрылған мемлекеттердің санасаң санынан жаңыласың. Алпауыттардың айтағы жақсы, амалдары әрқалай болады.

Әрине! Әлемнен араша іздегеннен, кейбір елдердің беті бері бұрылар. Бірақ, бұл мәселеде сыртқы күштердің әсері қалай болады? Олардың түпкі мақсаттары қандай болмақ? Қазақты қазаққа қосып беруді қолдай ма, жоқ па? Әлде, қазақты Қытайға айдап салып, алақан ысқылап отыра ма?

Алмақтың салмағы қандай болмақ?

Сыртқы күштердің айтағына еріп кетпеуге біздің қоғам дайын ба?

Қауіп осында.

Сізге мен бір сұрақпен жауап беріп көрейін.

Оңтүстіктің өзбектері, Алматының ұйғырлары, Оралдың орыстары секілді өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан бөлінуге әрекеттеніп жатса немесе, қазақ елі бәріне қазақша сөйлеуді міндеттеп, қазақша білмейтіндерін жабық оқыту орталықтарын ашып, сол жерге күшпен апарып қазақша оқытып жатсақ, Қазақстанның ішкі ісіне сыртқы күштердің араласқанын қалар ма едіңіз? Сол кезде Өзбекстаннан бір ұйым шығып, әлемнен араша сұрап, байбалам салып жатса ше?. Сол ұйымның шашбауын көтерген басқа сыртқы ұйымдардың айтқанына көнеміз бе?

Әлде, өзбектерге "басынған екенсіңдер" деп қысымды күшейтеміз бе?

Ал егерде өзбектің үкіметі келіп, "Көрші-ау! Менде қазақтар бар. Сенде өзбектер бар. Арамызда қаншама жобалар мен сауда бар. Анау ұйғырларыңды өзің білерсің. Бірақ, өзбектерімді ақырындап өзімізге қайтарсаңшы" деп қолқалап тұрса, сізге қай тараптың сөзі өтіп, қай тараппен жұмыс жасар едіңіз?

Бұл жерде тағыда үлкен мәселе бар.

Қытайды қазір сыртқы күштер қысуға айналды. Оның қай тұстан қысарын Қытай сезбей отырған жоқ. Олар да өздерінше қам-қарекетін жасап бағуда. Өздеріне керек идеологияларын, халқына қандай жолмен болса да сіңіруге ұмтылуда. Қытай ешқандай ұлттың бетіне қарап отырған жоқ. Өз мақсаттары үшін олар ешкімді аямақ емес.

Қытай әлемдік қауымдастықты ішкі ісіне араластырып отыратын Украина мен Сирия емес екенін де ұмытпасақ екен.

Біреу келіп олардың ішкі ісіне араласып, оларға өктемдігінде жүргізе алмайды. Өйткені, ол сол мемлекеттің - ішкі ісі. Қазақ болса да олар Қытайдың азаматтары.

Оларға көшіп кетуге 25 жыл мүмкіндік берілді. Мүмкіндікті пайдаланып, ақшаның, квотаның көзіне қарамай, көшіп келіп алулары керек еді.

Енді келіп Қытайдың қысымы күшейгенде, "ойбай бәрін көшіру керек" деп жатырмыз. Ендігі көш бұрынғыдай оңай болмайды. Кедергі көп болады. Мұны айқайға басып аптықтырудың қажеті жоқ. Барлық мәселе екі елдің арасындағы өзара дипломатиялық жолмен шешіледі. Оған шырақ алып, жол іздегенсіп, отқа май құюдың қажеті жоқ.

Сыртқы күштер араласып, шаруасы шалқайған елдер тарихта болмаған!

Мұндай істе біздердің (қоғамның) міндеті - ұсыныс тілектерімізді жолда, жеткізу. Үкіметтің міндеті - дипломатиялық жолмен проблеманы реттестіру болуы керек.

Рүстем Ашетаев, саясаттанушы

Abai.kz

 

19 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2390
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574