Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3541 0 пікір 1 Ақпан, 2019 сағат 10:53

Цифрландыру: Е-QURYLYS және Е-SHANYRAQ жобалары жүзеге асады

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан Халқына арнаған жолдауында Үкіметке Цифрлы Қазақстан бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Және  2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру.

Осыған сәйкес, Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру шеңберінде де біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл бұл саланы цифрландыру бойынша 2 жоба жүзеге асырылады. Олар - құрылыс сапасын бақылаумен және объектілерді пайдалануға қабылдаумен байланысты Е-QURYLYS цифрлық порталы және ПИК-тің коммуналдық қызметтері мен жұмысын тұтынудың ашықтығын қамтамасыз ететін Е-SHANYRAQ ақпараттық жүйесі.

Айта кету керек, өткен жылы рекордтық 12,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 12,1%-ға жоғары. Барлық өңірлерде тұрғын үй құрылысы бойынша оң серпін байқалады. Бұл ретте едәуір өсім Маңғыстау (141%), Атырау (127%), Түркістан (122%) және Жамбыл (121%) облыстарында байқалып отыр.

2018 жылы бір тұрғынға тұрғын үйді беру 0,68 шаршы метрді құрады. Бұл ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш. Атап айтар болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш - 0,54 ш.м., Беларусьте - 0,40 ш.м., Өзбекстанда - 0,36 ш.м. болып отыр.

113 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 14 мыңнан астам отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыру 100 млрд. теңгеге дейін артты. Биылғы құрылыс қарқыны былтырғыдан кем болмайды. Жалпы 2019 жылы 13 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Құрылыс саласындағы тағы бір өзекті мәселе - жобалау және құрылыс кезеңіндегі отандық материалдарды қолдану мәселесін Үкімет ерекше бақылауына алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыстағы қазақстандық  қамту үлесі 77%-ті құрады.

Өткен жылдан бастап ауылды сумен жабдықтауға жыл сайын барлық қаржыландыру көздерінен 100 млрд. теңге бөлінуде. Осыған орай, 84,4% ауылдық елді мекен орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілді (6,5 млн. адам). 3 жыл ішінде қала тұрғындарын ауыз сумен қамту 98%            (10,9 млн.адам) және  ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту - 88,5% құрады (6,9 млн. адам).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 424
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 227
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 254
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 238