Жексенбі, 19 Мамыр 2024
5812 1 пікір 23 Қаңтар, 2019 сағат 17:23

Балаңды тәрбиелеймін десең, алдымен өзіңді тәрбиеле

Біз Елбасының қамқорлығымен өсіп келе жатқан жастармыз. Оның қолдауын үнемі көріп келеміз. Мысалы, өз басым осы бағдарлама арқылы Швейцарияда білім алдым. Өткен жылы қала әкімі Бауыржан Байбектің қолдауымен көптеген стартаптар мен бизнестерді жүзеге асырдық. Білім саласы, қайырымдылық болсын жүзеге асырған жобаларымыз жетіп артылады. Елбасы өз сөзінде жас отбасын қолдау жайлы айтты. Бұл өте өткір тұрған мәселе. Өйткені, еліміздегі әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалуда. Елбасы осы мәселені соңғы кездері жиі көтеруде. Бүгінгі жастар отбасын құруға асықпайды. Егер отау көтеріп жатса да, ол ортасына ойрандалып түсуде. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Сол үшін жоғары сынып оқушыларына Елбасының осы тақырыпта курс енгізуді ұсынғанын құп көремін. Бұл мәселе төңірегінде біз де жоба дайындағанбыз. Жастардың жаңа өмір, жанұя құруына дайындықты саналы түрде жасауға көмектесуіміз керек. Ер адам мен әйел адамның қарым-қатынасы іскерлік қарым-қатынас сияқты емес. Өте нәзік нюанстардан тұрады. Ол өз алдына үлкен мектеп. Сәл келіспеушілік бола қалса, «мен сенсіз де өмір сүре аламын» дегенді айтып, есікті тарс жабады. Біз қазір көпшілігіміз материалдық игіліктің құлына айналып бара жатырмыз. Ажырасудың тағы бір себебі осында жатыр. Жанұялық өмірдің құндылықтары – махаббат, сыйластық сияқты ізгі қасиеттерді алдыға шығарып, соларды көбірек насихаттауымыз қажет. Бұл орайда біз батысқа еліктеп, ол жақтан үлгі ала алмаймыз. Оларда ер мен әйел тең деген ұғыммен өмір сүретіндіктен, шығыс елдеріне тән әйел адамның нәзік табиғаты оларға мүлде жат. Сол үшін біз өткен тарихымызға, ата-бабамыздың салт-дәстүріне жүгінеміз. Ер адамның жеке басын қадірлеп, сыйлау, оны үнемі төрге шығару деген қазақтың салт-дәстүрін біз ұмытып барамыз. Міне, біздің жаңа жоба ұлттық құндылықтарға баса көңіл бөледі.

Бала тәрбиесіне келгенде «балаңды тәрбиелеймін десең, алдымен өзіңді тәрбиеле» деген сөз бар. Бұл бүгінгі күні трендке айналған өзін дамыту, өз-өзімен жұмыс жасау дегенге келіп тіреледі. Биыл біз осыған дейін жасап келген бизнес, жас кәсіпкерлікті дамыту, стартаптар бойынша жобаларымызды жалғастырамыз. Бүгін Елбасының сөзін мұқият тыңдаған адам болса, сол жерде көтерілген көптеген мәселелермен біз жұмыс жасап келеміз. «Болашақта» өзіміздің сондай базамыз бар.

Қымбат Әбдікерімова

«Болашақ» қауымдастығының Алматы қаласы бойынша директоры

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2561
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2414
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663