Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5814 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 03:12

Сәкен Бозаев. Бетеге кетсе бел қалар...

«Әй, заман-ай, заман-ай, істің бәрі  күмән-ай»  деп,  Бұхар  жырау айтқандай бас  жақтағыларымыздың іс-әрекеттеріне  қарасақ,  олар ел берекесіне ұйтқы болып жүр ме, әлде ірткі болып жүр ме деген дімкестеу сұрақ  сұранып тұрады.   Ыңғыршағымызды   айналдырып  бара  жатқан  түйткілді  жайлар азаяр  емес. Бір  ғұламаның « бет  перде ғана. Шын  адам оның  арғы  жағында» дегеніндей,  кескін-келбеттері  бүркеулілердің  бірін-бірі  жеген, бірін-бірі алдаған,  бірін-бірі аңдыған  тірлігі мазаламай қояр емес. Оны ойлайтындай олардың бастары  болғанмен  басқасы жетпей жатырған секілді..     Өздеріне  лайықтап  жасап  алып,   бойына сіңіріп жатқан  эгоизмі  де - жай эгоизм емес. Сөзге ісі қайшы келіп жататын,  өзін қыспаққа салуды сүймейтін, басқалардың қыспаққа түсуіне немкетті қарайтын эгоизм.

Өмірдің өзі - сынақ.  Біреуді кемел  ақыл беріп  сынайды, біреуді орасан  дәулет  беріп  сынайды, ал біреулерді  қолына билік беріп сынайды дегендей, әркімнің өз дәуірі бар, өз дәурені бар.  Шүберекке бола шүршітке  сатылуға  бейімделгендердің  ындыны  мен  пиғылы  атан  түйенің  артқа қарай  шаптырғаны  сияқты болып барады.

Өздеріне лайықты көзқарасы мен таным кеңістігі   қыр басындағы  көкелерге  қошамет көрсетуден  ұзай  алмауда.   Иесіне  адал болуға   бейімделген     тіршілік әрекеттері де  - алып-сату, бірін - бірі  алдауға ұласып барады.  Кем - кетіксіз пенде жоқ шығар.  Десек те, қарым-қатынас әдебі ,  адамгершілік, ізгілік, рухани мәдениет  деңгейін  өсіруге    ынта  қою  қалыптаса  алмай  жатыр.

Адамгершілік тұрғыда тәрбиеленбеген адамдар  қоғамға қауыпты   деген бар. Абай  айтқандай,  « адам баласы  тек білімсіздіктен  азбайды». .  Адамдардың теріс әрекеттерге барып жатуы тек білімсіздіктен емес.  Білімділер де  ар-ұяттан аттап  өтіп   жатқанын көріп жүрміз....  Жаманшылыққа бір елігіп кеткен жандардың   бойы мен ойын жиып аларлық қайраты жетпей жатады  деген тұжырым  ежелден бар. Өз   бойы  мен  ойын өзі  тексере алмайтындай деңгейге жеткізіп   алғандардың   оғаш әрекеттерін   көріп, ұялатын жайларға күнара  тап  болып  жатырмыз.    Ондай  оғаштық жасағандарды  ұялта білу де  оңай шаруа болмай тұр.. Өзін-өзі ірі санап, өзіне-өзі разы болып жүрген   осы  қалай  азаматтарымыздың  бойында  да ісі  мен  мінезіне сай келмейтін, тәңірдің өзі сүймейтінін  жасандылықтар көрініс  беруде.

Ойсыз жасалатын  жасандылықтар  рухани кеселге айналатын түрі бар.   Азаматтық мәдениет болмаған жерде жалғандық пен жағымпаздық тамырлана беретіні  белгілі.    Біреудің құлы болуға  дайын  тұратын  жағымпаздықтың көркейе түсуіне  жағдай жасалып қойылған  секілді.     Ел заңымен емес, өз заңдарымен өмір сүретін ерекше кастаға айналғандардың  қылшықты  істеріне   қалың жұртшылықтың   бойы үйренді.  Жемқорлық  біреулер  үшін тиімді болғандықтан  болар , өміршең болып барады.  Қара халық «басқа салса - біз көндік»  күйде.

Аңыздағы Атымтай жомарттың шешесі айтқандай: «...бір емшегін еміп жатқанда, екінші емшегін қолымен мықтап ұстап жататын, туғаннан қағынып туғандардың»  бірде қысып , бірде қышып жүрген әрекеттеріне  тәйт дей алар қожасы да  тиым сала алмай жатыр..     Айлықты  мемлекеттен , шайлықты қара халықтан алуға маманданып  алғандардың әзірге  айылын жияр түрі  көрінбейді...  Қазақстанда байып, шетелде тұрақтарын дайындап қойып жүрген  олар  елдің  күндікше тұрғындары секілді.

Қазіргі қазақ байлары әлемдегі  ең сараң, ішкі  мәдениеті төмен,  айналасын  құсы  қайтқан көлдей қылып жүрген жандарға айналып барады.. Бұрынғы  қазақ байлары -  несібесі жарлыны жарылқағанынан ортаймайтынын білсе керек, дәулетім шашылады демей, қызмет қылған  кедей кепшіктерін кемсітпейтін.. Қызметшілері де біреудің малын бақтым демей, дала дәстүріне сай өмір сүріп келгендігін білетінбіз.

«... Феодализм жақсы ма,  социализм жақсы ма, әлде капмтализм жақсы ма ?» деп сұрақ қойған ұлына әкесі : « бай болсаң - феодализм жақсы, кедей болсаң - социализм жақсы, ұры болсаң - капитализм жақсы» , - деп  жауап  берген екен дейтін ауызекі әңгіме осы жайларға байланысты айтылып жүрсе керек.     Дәулет атаулы  қабілеті мен еңбегіне  қарай бітпейтін  елде бәрі де  бола береді екен.  Осы күні бәріміз де «... деп кетті, жеп кетті» дегеннен басқаны айта алмай жүрміз.  «...Бетеге кетсе бел қалар,  бектер кетсе ел қалар,  береке кетсе  нең қалар»  деген нақыл сөздің мән-мағынасы осындайда ойға  оралады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670