Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2293 0 пікір 10 Мамыр, 2011 сағат 11:54

Бірліктің тұтас үлгісі

Ел ағаларынан бастап сөзге үйір әр қазақ «бірлік» деп Құдайдың зарын қылып жатады. Өздерін де бірлік бар ма, жоқ па кім біліпті, әйтеуір, осы күнге дейін қазақ деген халық қырық пышақ болып қырқысып келгендей-ақ, «Қазаққа бірлік керек» деп жер тарпиды. Бірлік деген әдемі сөз. Айтқанда тіпті жаныңды елжіретіп жібереді. Бірақ, бірлік дегеннің өзі кішкене кірпияз келеді. Оған борандатқан сөзден гөрі, иненің жасуындай іс болса, жағасың. Көз алдыңызда тұрған суреттегі ескерткіш шынтуайтында, Ақорданың төр алаңында тұруы тиіс еді. Амал не, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында тұр. Әлгі бірлік деп шу-шұрқан болып жүрген аттысы мен жаяуы бір тұғырдың үстінде қасқайып тұрған қас қайраткерлерден бір уақ үлгі алса шіркін. Өмірі мен қызметін өнеге етпей-ақ қойсын. Ескерткіштің бір тұғырына үш алып болып сыйып тұрғанының өзі қазақтың елдік, саяси, тарихи бірлігінің, ынтымағының айдай анық белгісі емес пе. Бірлігі бітік елге, «бірлік керек деп» қай антұрған айтып жүр екен десейші. Құдай-ау, ұйысып отырған елге «татулық қажет» деп тақымдағанша ескерткіштегі ерен еңбектің, ұлтының өмірін ұзартқан ерлердің мерейтойын неге аспан жердің арасын Алаш үніне тұндырып атап өтпейді мына көп шуылдақ. Әй, шуылдақтар-ай, жұрттың шырқын бұзмасаңдар болды тегі. Сендерден келер қайыр кем...

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661