Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2174 0 пікір 10 Мамыр, 2011 сағат 11:31

«Астана арландарын» ұтқан «Париж юнайтед» Бүкіләлемдік бокс сериясының кубогын иеленді

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мамырдың 6-7 күндері  Қытайдың Гуянг қаласында «Астана арландары» мен  «Париж юнайтед» командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысы өтті.

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мамырдың 6-7 күндері  Қытайдың Гуянг қаласында «Астана арландары» мен  «Париж юнайтед» командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысы өтті.

Гуянг университетінің спорт кешенінде 6 мамар күні болған алғашқы сында қазақстандықтар Франциядан келген қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түскен еді. Онда «Астана арландарының» қоржынына грузиялық Георгий Килановты ұпай санымен ұтқан Қанат Әбутәліпов (54 кг), Стефан Невастың бапкерлерін  жарысты алғашқы раундта-ақ аяқтатуға мәжбүр еткен Қанат Ислам (73 кг) және  хорватиялық Сеп Хрвожеден басым түскен  Рамжон Ахметов  (+91 кг) 3 ұпай салған еді.

7 мамырда олардың қатарын  61 келідегі Абделкадыр Шадиді жеңген  Ержан Мүсәпіров (47:48, 46:49, 48:49) толықтырды.  Өкінішке қарай, қалға үміт артқан боксшыларымыз жеңіліп қалды. Мәселен Міржан Рахымжанов  ирландиялық Джон Джозеф Невингтен, 73 келіде Бақыт Сәрсекбаев Мишел Таварестен, 85 келіде Марат Молдагереев  Абдулкадер Бухениадан, аса ауыр салмақта өзбекстандық Сардор Абдуллаев пен хорватиялық Филипп Хрговичтен ұтылып қалды. Ал бірінші күнгі жекпе-жект Мерей Ақшалов  Рашид Аззединге (61 кг), Руслан Мырсатаев Тони Йокаға (+91 кг) есе жіберген еді. Осылайша қорытынды есеп 6:4 болып аяқталып, «Париж юнайтед» Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы ұйымдастырған Бүкіләлімдік бокс сериясы жобасының алғашқы жеңімпазы атанды. Оларға WBS кубогы мен 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы берілді. Ал «Астана арландары» клубы  150 мың долларды қанағат тұтты.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661