Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 3939 8 пікір 22 Қаңтар, 2019 сағат 11:34

Жұмыс сені іздесін!

Өмір болған соң өздеріне немесе балаларына жұмыс іздеп қоңырау соғатындар көп. Дені бастарына аяқ астынан түскен қиындық, жұмыстағы қысқарту, мамандыққа сай қызмет табылмайтынын сылтау айтып жатады. Әдетте адамдардың көбі ақшасы мол, жұмысы аз, папкі ұстайтын қызмет сұрайды. Нарықтық қатынастарда оның заманы өткені қашан?! Жоғары білімі туралы екі-үш дипломы бола тұрып жұмыссыз жүргендерге тіпті таң қалмайтын болдық.

Мұның себебі неде? Айналаңа қарасаң жұмыссыздардың басым көпшілігі - кәсіби шеберлікке жете алмағандар. Қарапайым жұмыссыздар профессионализмнен гөрі ақшаны басты орынға қояды. Есіл-дерті тездетіп шаруаны бітіру, тездетіп ақшаға қол жеткізу. Сол жолда түрлі айла-шарғы, қулық-сұмдықтарға барады. Әйгілі мотивациялық кітаптарға қарасаңыз, керісінше профессионализм өте маңызды екенін көресіз. 

Өте мықты пеш жасаушы, мықты адвокат, мықты тас қалаушы, мықты автоэлектрик, мықты шаштараз, мықты аспаз, мықты кафельщиик, мықты аудармашы, мықты "костоправ" тағы басқа мамандық иелері жұмыс іздемейді. Жұмыс оларды іздейді. Айталық, мықты аспаз, мықты шеф-повар үшін мейрамханалар арасында көбірек жалақы беруден жарыс өтіп жатады.

Біздің қазақтарға кәсіби шеберлігін арттырудың орнына тапсырыс берушіні алдап-сулап, бірдемесін шала-пұла істеп беріп күнкөрістік пұлын алып кетсе болғаны. Еврейлер айтпақшы, адам бір салада жоғары кәсіби шеберлікке жеткенде ол өз саласы бойынша ақты - қара, қараны - ақ деп дәлелдейтін мүмкіндікке жетеді. Сол кезде ол қоғамға ықпал етуші күшке айналады дейді. 

Сондықтан "Торғай сойсаң да қасапшыға сойғыз" демекші, "жұмыс жоқ" деп қарап жатқанша өмірге қажетті бір мамандықты таңдап, соны кәсіби шебер деңгейінде меңгеріңіз. Қиналасыз, тіпті сол биікке жету үшін тегін істейтін кезіңіз де болар. Бірақ түптің түбінде Сіз жұрт санасатын, өздері іздеп келетін маманға айналасыз. Шын жетістік деген Осы!!!

Марат Байділдәұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2158
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2564
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2428
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1665