Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Енді қайттік?.. 4765 8 пікір 22 Қаңтар, 2019 сағат 09:41

Ұлттың мұңын айтатындарды "диванный батырға" айналдырды...

Қазақтар шынымен қойдай жуас ба!? Неге орыс тілді ақпарат қазақты жүндей беруге тиіс...

Бір қараған жанға қазақтар қой емес, түнде барда күндіз жоқ жапалақ кейпінде елестейді. Сондықтан, «таспен жапалақты ұрсаң да, жапалақпен тасты ұрсаңда жапалақ өледі» деген  шығыс нақылы ақпарат кеңестігіндегі ұлттық бейнемізге қарата сөз етілгендей.

Орыс тілді ақпарат құралдары қазақты қойдан жуас "толеранты" жасап кесіп пішіп қойды. Елдің сөзін сөйлеп, ұлттың мұңын айтатындарды "диванный батырға" айналдырды. Енді бұл аз болғандай "Казахстан – для казахов?" деген құйтырқы тақырыпты 2018 соңынан бастап көтеріп келеді.

Бұрынғы Француз, ағылшын отарларында ағылшын және француз тілді баспасөз бар. Бірақ олар ешқашан жергілікті ұлттың шамына тиіп, шабына ши жүгіртпейді. Бізде бәрі керісінше. Осыған тоқтау қоятын кез келген секілді. Орыс тілді ақпарат әлемге қазақтың көзімен ғана қарайтын ақпарат таратуға тиіс. Осыны Ел Үкіметінен талап ететін уақыт жетті. Әрі облыстық, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімі БАҚ ақша бөлгенде осыны ескерсе біраз дүние түгелденер еді.

Орыс тілді ақпарат қазақтың жыртысын жырып, мұңын мұңдауға тиіс.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2158
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2564
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2428
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1665