Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 6431 2 пікір 14 Қаңтар, 2019 сағат 13:26

"Жусан" операциясы - адасқандарға қайта мүмкіндік сыйлады

Сириядан 47 адамды қайтарып алдық. Кім не десе о десін, мен бұл қадамды қолдаймын. Маған операцияның атауы ерекше ұнады. Жусан. Қандай тамаша және мағыналы. Қазақ үшін жусанның қадірі мол. Кезінде сол Сирияға әмірі жүріп, билік еткен бабамыз Бейбарыс та жусанның иісін аңсап өткен деседі. Жусанды сағынғаны Қыпшақ даласын, Қазақ жерін аңсағаны ғой.

Ал бүгін сол жусаннан жалған жиһадты артық көргендерді кері қайтардық. Жаңылып, адасқандарға қайта мүмкіндік сыйладық. Әрине, қате қадам жасамайтын адам жоқ. Санасы уланып, жат ағымның жетегінде кеткендерге қолды бір сілтесек те болар еді. Бірақ онда біздің қазақтығымыз қайда қалады?! Қазақтан безіп, тұманды тағдырда адасқан жандарды кері қайтарып, қазақы ортаға қайта қоссақ - ұлы жеңіс сол болмақ. Ол тек қана Сирияға кетіп, сандалғандарға ғана қатысты емес. Тілінен безіп, ұлтынан айнып, тарихынан қашқандарға да қатысты дүние.

Қайтарылған жандарды ұзақ психологиялық, идеологиялық оқытудан өткізу керек. Ел ішін алатайдай бүлдірмеу үшін, қайта қатарға қосып, бақылауда ұстау керек.

Қазақ күллі әлемге тарыдай шашылған 5 миллион Алаш баласын жусан иісі аңқыған сайын далаға жинаған сәтте, мықты ел болады.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624