Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2978 0 пікір 8 Мамыр, 2011 сағат 12:34

Министр Божкоға ультиматум!

Интернетті қарап отырсақ, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің Твиттердегі парақшасында «Зілзала болжамы тұралы акпарат қазақ тілінде неге жоқ http://www.emer.kz/kz/index.php ТЖ Министірлігі @KarimMassimov тапсырмасын орындамады» деген жазбасын оқыдық. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік веб-сайтының көптен бері «қазақ тілінен шорқақ» деп сыналып жүргені еске түсті. 1-ші мамырдағы Алматыдағы дүрбелеңнен кейін Божко да, ол басқарып отырған министрлік те билік тарапынан да, қоғам тарапынан да көп сыналды. Бәлкім енді түзелген болар деп тағы да зерттедік. Сөйтсек...

Интернетті қарап отырсақ, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің Твиттердегі парақшасында «Зілзала болжамы тұралы акпарат қазақ тілінде неге жоқ http://www.emer.kz/kz/index.php ТЖ Министірлігі @KarimMassimov тапсырмасын орындамады» деген жазбасын оқыдық. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік веб-сайтының көптен бері «қазақ тілінен шорқақ» деп сыналып жүргені еске түсті. 1-ші мамырдағы Алматыдағы дүрбелеңнен кейін Божко да, ол басқарып отырған министрлік те билік тарапынан да, қоғам тарапынан да көп сыналды. Бәлкім енді түзелген болар деп тағы да зерттедік. Сөйтсек...

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің бірнеше жылдан бері http://www.emer.kz/kz деген веб-сайты халыққа қызмет көрсетеді. Алайда, ең өкішініштісі, бұл веб-сайт қазақшадан жұрдай. Оны оқып отырып қазақша ақпарат алу түгілі, тәуелсіз Қазақстанда емес, әлі де орыстың отарымыз деп түңіліп кетеді екенсің. Мысалы, веб-сайттың күнделікті өмірге қажетті «Жаңалықтар» және «Ақпарат» деген тараулары мүлдем жаңармай отыр. «Жаңалықтар» тарауындағы жалғыз да соңғы ақпарат мынау:  «2011 жылы 6 мамырда сағат  11.00-де ҚР ТЖМ «Құлагер» спорт кешенінде Жеңіс күніне және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай  ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына жаңа қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдайды». Жұрт дүрлігіп жатқан кезде не деген ант қабылдау, айналайындар-ау! Министрліктің қазақ тілінде ресми түрде таратқан соңғы баспасөз релизі 2007 жылы елімізге құлаған орыс зымыраны туралы екен! Одан бері жайбарақат отыр екенбіз! Қалған тараулар мен бөлімшелердің барлығын ашсаңыздар, алдыңыздан «Кешіріңіз. Бөлім қайта құру процесінде» деген жазу шығады!

Сонда елде күнде болып жатқан төтенше жағдайлардан кім хабардар етуі тиіс? Жақында Божко мырза 1-ші мамырдағы «Алматыда қыруар жер сілкінісі болады» деп сасқан халықты жұбатудың орнына баспасөз бен АҚШ-тың сейсмологиялық қызметтерін айыптағаны еске түсті. Қызық! Егер өзің қазақ қауымына ләм-мим деп ауыз ашпасаң, оған баспасөз бен шетелдік қызметтер кінәлі болуы керек пе? Егер елде осындай өрт, су тасқыны, жер сілкінісі болуы мүмкін, болып жатыр деген қазақ тіліндегі ақпараттарды таратпасаң, жұрт оны қайдан іздеуі қажет? Әлде баяғының үрдісіне салып, Божко мен оның қызметкерлері «қажет болса, орысша оқып алыңдар» дегені ме? Ал орысша білмейтіндер, білгісі келмейтіндер не істеуі қажет? Конституция бойынша азаматтардың құқы тең, барлығы да ақпарат алуға тең мүмкіндікке ие. Божко бастаған министрліктің бұл тірлігіне қарап әлдебіреулер бізге, қазақ қауымына «орыстілділер құтылыңдар, қазақтілділер қырылыңдар» деп отырғандай елестейді екен. Барлық мемлекеттік органдар ақпаратты екі тілде таратуы тиіс деген заңи қағидаттар қайда сонда? Еліміздің Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлайын деп отырған кезде белгілі бір министрлік пен оның басшылығының қазақ тіліне осындай көзқарасын көріп амалсыз жағаңды ұстайды екенсің! Бұл қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін мойындамау ма? Оны тұтынушыларды, мемлекетке атын берген ұлтты қорлау ма?

Осы мақаланы Үкімет мүшелері де, Парламент депутаттары да көреді деп үміттенеміз. Солардың біреуі Божко мырзаға министрлігінде болып жатқан олқылықтар, заң бұзушылықтар туралы осы мақаланы аударып беретін шығар деп сенеміз. Өз кезегінде Божко мырза да ойланар деген ойдамыз. Оған айтарымыз: егер он күннің ішінде Төтенше жағдайлар жөніндегі мнистрліктің веб-сайты, жалпы министрліктің халыққа мемлекеттік тілде қызмет көрсетуі, қазақ тілінде ақпараттандыру және құлақтандыру жұмысы жөнге келмесе, біздер басқа да басылымдар және зиялы қауым өкілдерімен бірігіп, министр Божконың отставкаға кетуін талап етеміз. Жай ғана талап етпейміз, ақпарат алу жөніндегі конституциялық құқықтарымызды таптады деп сотқа шағымданатын боламыз!

Осы ультиматумды еліміздің барлық журналистері, жалпы белсенді азаматтары ашық қолдайды деп санаймыз. Қолдаймын деген азаматтар осы хаттың астына қолдарын қоюларына болады.

Ойланыңыз, Божко мырза, он күн қалды!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1253
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1148
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1020