Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 6981 8 пікір 11 Қаңтар, 2019 сағат 12:35

Қытайдың қулығына құрық бойламайды

Тарихтан білеміз һәм сол елде туып-өстім. Өзгенің көзін байлауда, саяси қулыққа келгенде бұлар алдарына жан салған емес. Оған коммунистердің залымдығы мен аярлығын, рахымсыздығы мен дінсіздігін қосыңыз.

Қытайдың коммунистік билігі өздеріне қарыздар немесе экономикалық-тәуелді байланысы бар 12 елдің елшілік өкілдерін, журналистерін шақырып, алдын ала дайындалып қойған бірнеше «саяси тәрбиелеу орталықтарын» «емін-еркін» аралатыпты.

Алыстан іздемей-ақ, өзім танитын немесе туыстық байланысы бірнеше адамның сол «орталықта» өлгенін, сүйегіне сараптама жасатпақ түгілі жақындарына көрсетпей жерлеткенін білемін.

Соңғы жылдары оларда «қытай арманы» деген сөз жиі айтылатын болды.
Әр елдің, әр ұлттың өз арманы бар. Құқықтық, демократиялық, шынайы Тәуелсіз, бейбіт ел құрсақ деген Қазақ Елінің де асқақ мұраты бар.
Ал «қытай арманы» туралы айтсақ таңды таңға жалғап лекция жасауға болады. Өз ішінде және сыртқы әлсіз көрші мемлекеттерге жүргізіп отырған саясатына қарап-ақ, өз ішін біртұтас қытайластыру, маңындағы шағын елдерді қаржылық тәуелділікке бұлжытпай байлап, біртіндеп отарлап алу екені сәл сауаты бар кез келген адамға аян.

Бұдан 3 мың жыл бұрынғы территориясы «Ұлы қорғанның» ішінде ғана, шағын аумақта болған қытайдың қазіргі көлемін қарап көріңіз. Ғасырлық есепке шақсақ, шекарасын мөлшермен әр жыл сайын бір шақырымға кеңейтіп отырғанын көруге болады.

Қытайға Жияң Зы Мин басшылық еткен дәуірде Қазақ Елі қытаймен шекараны заң жүзінде, құжаттық негізде анық белгіледі. Халықаралық картаға нықтап сызды. Бұны саяси ірі жеңіс деп атар едім.

Жаратушы несіп етіп, тауарих сыйға тартақн, екі ірі елдің ортасынан бұйырған біздің атақонысымыз өз ұрпақтарымызға ғана қалуы тиіс.
Санымыз 30 миллионға жетсе, санасы ашық, жігері бекем, намысы асқақ балаларымыз көбейсе, біздің Қазақ «Күн сөнгенше сөнбейді!»

Ұларбек Дәлейұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626