Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2371 0 пікір 8 Мамыр, 2011 сағат 07:59

Айжан Көшкенова. Елді дүрліктірген сілкініс сейсмологтар үшін де жұмбақ күйінде қалып отыр

Қазақстанда 1 мамыр күні болған жер сілкінісі сейсмолог ғалымдар үшін әлі жұмбақ. Олар жер дүмпуі білінген ауданның аз зерттелгенін және нақты болжам жасаудың қиындығын айтады.

Қазақстанда 1 мамыр күні болған жер сілкінісі сейсмолог ғалымдар үшін әлі жұмбақ. Олар жер дүмпуі білінген ауданның аз зерттелгенін және нақты болжам жасаудың қиындығын айтады.

Соңғы елу жылдың аралығында алғаш рет жер сілкінісі мегаполиске тым жақын жерде болғанын баяндады «Айқын» газетіне Сейсмология институтының зертхана меңгерушісі, геология-минералды ғылымдар докторы, Төтенше жағдайлар қызметі мекемеаралық комиссиясының мүшесі Абдулазиз Адуллаев. «Оның тереңдігі де өте үлкен. 20 шақырымнан асады. Қазіргі таңда 70 мыңнан астам жер дүмпуі байқалды. Олардың 10-ы күшті саналады», - дейді ғалым. Әлсіз жер дүмпулері әлі тоқтаған жоқ. Ғалымның болжамынша, мұндай афтершоктар бір аптадан 1 жылға дейін жалғасуы ықтимал.
Ең алғашқы 5,4 балдық дүмпуден кейінгі афтершоктар мұншалықты көп болмауы тиіс еді деп пайымдайды сейсмолог, геология-минералды ғылымдар докторы Әлқуат Нұрмағамбетов «Время» газетінде. «Әдетте мұндай магнитудадағы сілкініс ұсақ афтершоктар тудырып, тез өшіп қалатын. Мен сейсмологияда 45 жыл істеймін, біздің аймағымызда мұндай құбылыс алғаш болып тұр», - дейді сейсмолог. Мұны Гидрогеология мен гидроэкология институты директорының орынбасары Петр Плеханов та қостайды. «Бұл жолы бірізділікпен бірнеше күшті дүмпулердің болуы - сейсмологтар үшін белгілі бір деңгейде жұмбақ. Оны құпиясын тауып, шешіп, зерттеу керек», - дейді ғалым.
Жер сілкінісінің осы жолғы ошағы да өзгеше. «Бұл аудан сейсмикалық қауіпті полигон құрамына кіреді. Бірақ бұған онша мән берілмей, сейсмикалық оқиғалар тау жоталары ауданында болады деп саналып келген», - дейді Плеханов.
«Бұрын осы жерде күшті жер сілкіністері де байқалған емес. Біздің есебіміз бойынша, сілкініс бұл жерде болмауы тиіс еді. Бірақ орын алды. Енді әрі қарай опырылудың қалай бет алатыны белгісіз: бұл - белгілі бір зерттеулер жасалған Іле Алатауы емес қой» депті Нұрмағамбетов.
Профессор Абдуллаев та алғашқы жер сілкінісі болған аумақта болжам жасаудың қиындығын растайды. Өйткені бұл жерде бірде-бір сейсмикалық станса ғана емес, ешқандай геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық бақылау бекеті жоқ. «Бұл аумақтың бақылауға алынбағанын біз бұрын да айтқанбыз. 2-3 қауіпті әрі сейсмикалық белсенді саналатын аудандар бос жатыр» деді ғалым. Ал жер сілкінісінің орны картада анықталған. Бұл сейсмолог ғалымдар жобалаған аумақтың шекарасына жақын екен.
Дегенмен қазір ғалымдар сілкініс ошағын зерттеуде. «Белсенділік азайып, афтершоктар сөне бастады. Дүмпулердің тереңдігі біртіндеп жердің үстіне көтерілуде. Бұл процесс өше бастады дегенді білдіреді. Бірақ соған қарамастан, бақылау күшейтіліп, стансалар жиілік тәртібіне көшкен» дейді Адуллаев. Себебі «бірқатар бұрынғы күшті зілзалалар опырылуға негізделген». Оның айтынша, барлық жағынан «болжамнан тыс сейсмикалық жағдайдың өрбуіне дайын болу керек». Өйткені «сейсмикалық белсенді аймақта тұрғандықтан, кез келген уақытта қандай да бір күштегі жер сілкіністері болуы мүмкін».
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Виктор Инюшин алдағы 4-5 күнде 4 балдан артық жер сілкінісінің болмайтындығын топшылайды. «Афтершоктар болады. Алматы үшін білінетін дүмпулер болады. Бүгін оқиға орын алған жерге барамыз» дейді профессор. Ол Алматының сейсмикалық қорғаныс жүйесі әзірленгенін айтады. Оның бірі Қапшағай су қоймасы саналады.
Дегенмен Плеханов жалпы қысқа мерзімді сейсмикалық болжамдар жасаудың қиын екендігін алға тартады. Мысалы, АҚШ, Жапония сияқты державалар қысқа мерзімді болжамдардан баяғыда бас тартыпты. «Ал жер сілкінісі сияқты күрделі табиғи құбылыстар туралы не айтуға болады?! Оған қатысты барлық процестер біздің көзімізге көрінбейді ғой. Міндеттерді «қара жәшік» тәсілімен орындап, жанама белгілер бойынша долбар жасауға тура келеді» дейді ғалым. Оның сөзіне қарағанда, жер сілкінісіне қатысты статистика да жоқтың қасы. Себебі «жер сілкінісі - әлемде сирек болатын құбылыс. Оның ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды».

 

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1230
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1130
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 867
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1010