Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2922 2 пікір 11 Қаңтар, 2019 сағат 10:35

Төлқұжаттардың әлемдік рейтингінде Қазақстан 67-орында тұр

Henley & Partners компаниясының халықаралық төлқұжаттар рейтингінде Түркіменстан 85-орынға ие болса, Өзбекстан мен Тәжікстан 80-орынды бөлісті. Қазақстан 67-орынға тұрақтаса, Қырғызстан 76-орын алды.

Henley & Partners консантинг компаниясының төлқұжаттар рейтингінде Жапония бірінші орында тұр. Бұл елдің азаматтары әлемнің 190 еліне визасыз бара алады.

Екінші орында Сингапур және Оңтүстік Корея тұр. Бұл елдердің азаматтары визасыз 189 елге кір алады. Үшінші орынды Германия мен Франция бөлісті (188 ел). Рейтингте 104 орын көрсетілді.

Бұрынғы Кеңес одағы елдері арасында бұл рейтингте Балтық елдері көш бастады.

  • Литва мен Латвия 11-орынды бөлісті, бұл елдердің азаматтары әлемнің 180 еліне визасыз барады. Эстония 12-орынға тұрақтаған (179 ел).
  • Украин төлқұжатының иегерлері 128 елге визасыз бара алады. Украина рейтингте 41-орында тұр.
  • Молдова азаматары 122 елге визасыз кіре алады, бұл ел тізімде 46-орында тұр.
  • Ресей 48-орында тұр. Ресейліктер әлемнің 119 еліне визасыз барады.
  • 51-орынды Грузия алды, оның азаматтары 114 елге визасыз кіре алады.
  • Беларусь 68-орында тұр (77 ел).
  • Одан кейінгі сатыға Қазақстан тұрақтады. Қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады.
  • Әзірбайжан 74-орында тұр (74 ел).
  • Қырғызстан – 76-орында. Қырғызстандықтар 64 елге еркін кіре алады.
  • Армения - 79-орында.
  • Өзбекстан мен Тәжікстан 80-орынды бөлісті, бұл елдердің азаматтары 58 елге визасыз бара алады.
  • Түркіменстан тізімде 85-орында тұр. Түркіменстандықтар 53 елге визасыз кіре алады.

Рейтингтегі соңғы орынды Ауғанстан мен Ирак бөлісті. Бұл елдің азаматтары 30 елге визасыз бара алады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2378
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572