Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 9526 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 08:16

Дархан Калетаев. Саяси модернизация жасау емес, оны жетілдіру жайы сөз болуы тиіс

Соңғы кездері ерінбегеннің бәрі саяси модернизация жайлы әңгіме қылатын болды. Бұл үрдіс Мемлекет басшысының елдегі саяси реформаларды жалғастыру қажеттігі туралы тапсырмасынан кейін тіпті күш алып кетті. Дегенмен, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандарды тыңдасаңыз, олардың саяси модернизация туралы ұстанымдары кейде өз ыңғайларына лайықталған, кейде мүлде кереғар көзқарастар екенін көресіз. Мұндайды модернизация деп атауға бола ма? Бұл саяси инструменттерді оңды-солды ауыстырудың амалы ғана емес пе...

Модернизацияның мәні неде?

Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде  өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.

Соңғы кездері ерінбегеннің бәрі саяси модернизация жайлы әңгіме қылатын болды. Бұл үрдіс Мемлекет басшысының елдегі саяси реформаларды жалғастыру қажеттігі туралы тапсырмасынан кейін тіпті күш алып кетті. Дегенмен, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандарды тыңдасаңыз, олардың саяси модернизация туралы ұстанымдары кейде өз ыңғайларына лайықталған, кейде мүлде кереғар көзқарастар екенін көресіз. Мұндайды модернизация деп атауға бола ма? Бұл саяси инструменттерді оңды-солды ауыстырудың амалы ғана емес пе...

Модернизацияның мәні неде?

Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде  өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.

Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.

Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты.

Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады. Оң өзгерістер мемлекеттік ағзаның тұрақтылығы мен тиімділігіне кепіл болып  отыр.

Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөле-жара атауға болады:

1)    Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика);

2)    Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі (Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді);

3)    Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс (заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес).

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек. Өйткені, жоғарыда айтқандай, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандардың сан түрлі пікір-долбарлары кереғар, қайшылықты. Олардың жаңа саяси модернизациясы мемлекеттік құрылымды өзгертуге алып келуі де мүмкін ғой...

Көппартиялық ем бола ма?

Саяси модернизация тақырыбына жазылған отандық саясаттанушылардың сараптамасына шолу жасасаңыз, әңгіменің бәрі көппартиялыққа кеп тірелетінін байқайсыз. Дәлірек айтқанда, түрлі партиялардың парламентте отыру жайы ғана. Кеңейтілген партиялар тобын немесе бәсекелес қос партия жасау туралы пікірлер бар. Ұлтшыл-патриоттар партиясын құру, тіпті діни ерекшелігіне қарай партия құру мәселесі қозғалып жүр. Мұның арты неге әкеп соқтырарына ешкімнің басы ауырмайтын сияқты.

Бәріміз де қазақ ұлты, мемлекеті үшін қызмет істеуге дайынбыз, қолымыздан келгенше істеп те жатырмыз. Бірақ, ұлттық белгісіне қарай партия құру жайлы идеяны алайықшы. Қазақстанның жетістігі деп жүрген полиэтникалық фактор ертең оның проблемасына айналмасына кім кепіл? Көпұлтты қоғамда онсыз да түрлі қайшылықтар болады. Ал, этникалық партия ол қайшылықтарды жеңілдетпесі белгілі. Бұл өз кезегінде ірі диаспоралардың да партия құру тілегін туғызып, субавтомизация мәселесін көлденеңдетуі мүмкін.

Біз 2000-жылдары Қазақстанның орыстар партиясын құру туралы талпынысты ұмыта қойған жоқпыз. Жаңа мемлекеттердің тәжірибесін сараптасақ, ұлттық белгісіне қарай партия құру әрекеті жаппай ұлтаралық араздыққа алып келгенін де көруге болады. Бір жылдары Түркия күрд мәселесін күрдтер партиясын құрып, оларды парламентке өткізу арқылы шешпек болған. Нәтижесінде аталған саяси ұйымның қызметіне тыйым салды, заң шығару органынан қуды.

Қазақстанның саяси сахнасындағы жекелеген тұлғалар ұлтшыл-патриоттар партиясы жобасын жаңалық, ноу-хау ретінде көрсеткісі келеді. Ал, бұл жобалар тәуелсіздіктің жиырма жылында да өмір сүрген. Билік мұндай оңай, ыңғайлы жобадан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары саналы түрде бас тартқан. Қазіргі таңда да ұлттық мәселені саясиландырудың соңы болжап болмайтын қиындықтарға соқтырады. Сондықтан, осы идеяның авторлары өз жобаларына үстірт, жауапсыз қарайды немесе мұның артында елді іштен бүлдіргісі келетін мүдделі топтар тұруы мүмкін деп қана ойлауға болады.

Діни негізде құрылған партиялардың қаншалықты қауіпті екенін барлық сауатты саясаттанушылар біледі. Алысқа бармай, оны «Хизб-ут-тахрир» мен Тәжікстанда тыйым салынған Ислам қайта өркендеу партиясының мысалынан-ақ көруге болады.

Жағымды мысал ретінде біреулер Еуропадағы христиан демократтарын алға тартар. Алайда, бұлардың аты ғана болмаса, заты зайырлы, зиялы саяси күштер. Бұл жердегі христиандық атауының өзін еуропалық дәстүрлі модельдің мультикультурализмге қарсылығы деп қабылдауға болады.  Рас, соңғы кездері Еуропадағы оңшыл күштердің ұлтшыл-социалистік мазмұнға жақын ұрандар көтере бастады. Бұл түптің түбінде  Еуропадағы өзге ұлт пен ұлыстардың ашық наразылығы мен қарсылығын тудыратыны анық.

Кеңес империясының құрамында болып, коммунизмге көзсіз сенген, оның күйрегенін көрген Қазақстан үшін діннің саясилануы еш жақсылық әпермейді. Кез келген діни ұйым жүре келе радикалдана бастайтыны жасырын емес. Ал, Қазақстанда саяси идеямен және саяси мүмкіндіктермен қаруланған радикалдарды елестетудің өзі қатерлі.

Қоспартиялық мәселесі, соның ішінде, кәсіпкерлердің тарапынан «Нұр Отанның» лайықты қарсыласы бола алатын саяси ұйым құру да қазіргі кезде жиі талқыланып жүр. Әрине, бизнес топтардың белсенділігін арттыру үшін бұл жақсы қадам болар еді. Бірақ, отандық кәсіпкерлік құрылымдық жағынан да, топтық, таптық тұрғыда да пісіп, қалыптаса қойған жоқ. Тиісінше, бизнесмендер партиясы құрылғаннан кейін олигархтық топтардың қолжаулығына айналып кетуі де кәдік. Мұның алдын алу үшін партияны биліктің өзі ауыздықтап отыруына да болады. Онда бизнесмендер партиясы «Нұр Отанға» бәсекелес болудың орнына либералды саттелит партия боп шығар еді.  Парламенттегі плюрализм туралы әңгімені де жылы жауып қояр едік. Бұл билік үшін ұпай әпермейтін нәрсе. Өйткені, билік партиясы таза партиялық күрестен, саяси тартыстан өтпей, өлара жағдайларда пайда бола кететін тәуекелдерге ешқашан жауап бере алмайды.

Сондықтан, партиялық құрылысқа, партиялық жүйеге көзқарас бір жақты емес, сауатты, кешенді болуы тиіс. Ақорда дәл осы мәселеге байланып қалмай, саяси жетілудің өзге жолдарын да іздеуі керек. Айналып келгенде, көппартиялық та, қоспартиялық та саяси модернизация деген сөз емес, саяси жүйеде болуға міндетті штрихтар ғана.

Өзгеру емес, жетілу

Жоғарыда айтқанымыздай, саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Алайда, толыққанды саяси даму басыбүтін көппартиялыққа да, Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін жасанды шектеуге де тіреліп тұрған жоқ. Қоғамның өзін-өзі реттейтін төменгі инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ. Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық кешені жүйесін толықтай реформалау қажет. Өз үйінің, ауласының дамып, гүлденуіне ықпал ете алмайтын сайлаушы мемлекетке не береді? Одан мемлекет не күтеді?

Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес.

Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1441
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1282
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1094