Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 10992 10 пікір 9 Қаңтар, 2019 сағат 10:11

"Мен өз ұлтымды қорлатып, көрінгенді үргізіп қоймаймын!"

Тура елу жыл бұрынғы оқиға есіме түсіп отыр. Осы ФБ-те менің Кәкен Хамза, Мырзан Кенжебай секілді бір курста оқыған достарым отыр. Жалған айтқызбас.
Онда да қыс айы. Стеклова деген профессор, еврей әйелі сабақ берді. Бірде сол профессор "Сендер қазақтар..." деп столды соққаны. Курста елу бала оқимыз. Ол кезде Қазақстандағы жалғыз Университеттің Журналистика және Заң факультеттеріне екі жылдық еңбек өтілімен қабылдайды. Бір-жар жігіт Вьетнамда оқ-дәрінің иісін алып келген. Бір сөзбен айтсам, аздап өмір тәжірибеміз бар. Бүкіл курс орнымыздан тік тұрып, аудиториядан шығып кеттік. Стеклованың екінші сабағынан да ол аудиторияға кіргенде түгелдей кетіп қалдық.
Бұл ол тұста көз көріп, құлақ естімеген сұмдық! Стеклова бізді жамандап деканымыз Тауман Амандосовқа барыпты. Тауман аға курсті жинады. Дауыс шығармай, байыппен, жағдайды сұрады. Таукеңнің түсі аса суық еді. Осы жолы іші сондай жылы екені ұқтық. Оқиға барысын алмай-қоспай айтып бердік.
-Расымен осылай ма?-деген деканымыз кіжініп қалды, қазақшылығы бетіне тепті-Оңбаған! Мен ректорға баяндаймын. Сендер Өмірбек Жолдасбеков жолдаспен кездескенше ол қатынның сабағына бармаңдар!
Бұл, енді, ерлік еді. Компартия дүрілдеп тұрғанда қазақтың сөзін сөйлеу Тауман ағамыздың қызметіне залалын тигізуі мүмкін. Ағамыз ұрмады да. Екі-үш күнде кездесуге Ректордың өзі-Өмірбек Жолдасбеков келді. Болған жайтты жан-жақты сұрады. Аңғардық, ызыдан жарылайын деп отыр. Орнынан тұрып:
-Мен өз ұлтымды қорлатып, көрінгенді үргізіп қоймаймын! Сөзім осы. Сендер өте дұрыс істегенсіңдер. Ұлтты мазақ еткізбегендеріңе мың рахмет!-деді де, қоштасып шығып кетті.
Совет үкіметінің тұсында СССР-дің ғылымы, мәдениеті, өнері, әдебиеті еврейлердің қолында болатын. Стеклованы жазалау сол еврейлерге тас ату, Өмірбек ағаның өз басына қауіпті екенін ол кезде қайдан білейік. Қазір ғой түсінгеніміз. Сонда да Стеклованы айдап шықты. Орнына Сагалович деген келіншек келді. Келе жылы ұшырады. Басында бізден сескеніп, осындай мінез таныта ма деп ойлайтынбыз. Келе-келе, жоқ, өте жақсы адам екеніне көз жетті.
Өмірбек ағамыздың осы ерлігі, СССР тұсында еврей профессорды қазақтың, қазақ балаларының алдына жығып беруі, болмайтын оқиға еді. Өмекең жасады соны. Батыр екен марқұм!
Ал, бүгін ше? Маятас, Моловодное, Шеңгелді оқиғалары кезінде, кешегі Қарағандыда қазақ қанға бөккенде бүгінгі биліктен Өмірбек ағаның айтқанын қайталаған бір адам шықты ма? Жоқ. Бар күш қолымызда тұрғанда біреуі ошаң етпеді. Қарағандының депутаттары аузын буған қаптай болып отыр. Сонда...
Біз кімге арқап сүйеп жүрміз?

Камал Әбдірахманның facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1251
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1148
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 884
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1019