Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:50

Павлодарда Ана мен бала саябағының іргетасы қаланды

ПАВЛОДАР. 6 мамыр.  ҚазАқпарат   /Вера Ливинцова/ -  Павлодарда    облыстық  перзентхананың     жанынан    Ана мен  бала    саябағының   іргетасы  қаланды.

Бұл  игі  іске    кәсіпкер-әйелдер,     медициналық  қызметкерлер  және    облыс әкімі жанындағы  отбасы істері  жөніндегі комиссияның мүшелері  ұйытқы  болып  отыр.

Жаңа  саябақта алма,  шетен,   аққайың  және   жөке  ағаштарының    көшеттері  отырғызылды.      Перзентханада   балалары  дүниеге келген ата-аналар   енді  осы саябақта  өз   нәрестелерінің  құрметіне ағаш  отырғыза алады.

«Бұл күндері  Қазақстанның біраз қалаларында ана мен бала саябақтары ашылуда.     Биылғы көктемде   2 мыңнан  астам көшет  отырғызылды»,  - дейді    Қазақстанның кәсіпкер-әйелдері  қауымдастығының  облыстық филиалының   төрайымы Лариса Фрезоргер.

Кәсіпкер-әйелдер  Павлодардағы жаңа   саябаққа     Ана  ескерткішін    орнатпақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1434
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1273
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1032
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1088