Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3289 0 пікір 8 Қаңтар, 2019 сағат 11:17

Бішкекте 300-ге жуық адам заңсыз миграцияға қарсы митингке шықты

7 қаңтарда Бішкектің Ала-Тоо алаңында Қырғызстаннан заңсыз мигранттар - Қытай азаматтарын шығаруды талап еткен митинг өтті. Бақылаушылар мәліметінше, митингке 300-ге жуық адам шыққан.

Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, акцияға қатысушылар заңсыз акция ұйымдастырушыларға айыппұлды көтергеніне наразылық білдірген.

Алаңға жиналған адамдар акцияны ешкімнің ұйымдастырмағанын, өз еріктерімен келгенін айтқан. Олар дені Кара-Балтадан және Бішкек айналасындағы елді-мекендерден жиналған.

2018 жылдың желтоқсан айында "Кыргыз чоролору" қоғамдық бірлестігі Бішкекте бейбіт митинг өткізіп, Қытайдағы аз ұлт өкілдерінің "қайта тәрбиелеу лагерлерінде" отырғанына алаңдаушылық білдірген.

Осыдан кейін WhatsApp мессенджері арқылы 7 қаңтарда Бішкекте Қытай азаматтарының заңсыз миграциясы жайында митинг өтеді деген хабар тараған. Ал "Кыргыз чоролору" бірлестігі бұл акцияға еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.

Митингке жиналғандар келесі наразылық акциясын 17 қаңтарда сол алаңда өткізуді жоспарлап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар