Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 4 Мамыр, 2011 сағат 07:28

Тікелей шетелдік инвестицияның үштен бір бөлігі шапшаң дамушы елдерден келіп жатыр - инвестициялық форум

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тікелей шетелдік инвестицияның үштен бір бөлігі шапшаң дамушы елдерден келіп жатыр.

Бұл туралы бүгін «Astana invest-2011» инвестициялық форумында «WAIPA» компаниясының басқарма төрағасы Карлос Бронзатто (Швейцария) айтты.

Оның сөзіне қарағанда,  өткен жылы 23 пайыз деңгейінде шетелдік тікелей инвестиция ағымының артқаны белгіленген. Бұл БҰҰ-ның қаржыландыру көздері бойынша агенттігінің есебіне сәйкес айқындалды.

«Бүгінде барлық тікелей шетелдік инвестицияның үштен бір бөлігі шапшаң дамушы елдерден, яғни Бразилиядан, Үндістаннан, Қытайдан келіп жатыр»,- деді К. Бронзатто.

Сонымен қатар көптеген аймақаралық инвестициялар да бар екеніне тоқталған ол, бұндай инвестициялар Африка мемлекеттерінде де қарқын алып келе жатқанын айтып өтті.

0 пікір