Жексенбі, 28 Сәуір 2024
3096 0 пікір 19 Желтоқсан, 2018 сағат 10:33

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

Сейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама төмендеді, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,27 долларға төмендеп, 57,09 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 3,64 долларға төмендеп, баррелінің бағасы 46,24 доллар болды.

Abai.kz

0 пікір