Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 30 Сәуір, 2011 сағат 04:14

Кәмшат Әбдірайым. Әнші тартқан азап

Баршаға белгілі, Әміренің атын шығарған Париж сапары 1925 жылы болған еді. Бұл сапарда әнші 2-орын мен күміс медальды жеңіп, елге олжалы оралған.
Сол кезде қазақ әншісінің Парижді тәнті еткені туралы көптеген басылымдар жарыса айтты. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін мойындап, «туған елін сүйетін, ғажайып дауыс иесі» деп жазады. Ал, Сорбонна университетінің профессоры Перно әншінің орындауындағы «Қанапия», «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша», «Қос балапан», «Үш дос» әндерін фонографқа түсіріп алады. Атақты әншінің шетелді таңғалдыруы осымен аяқталады. Себебі, Париж сапарынан кейінгі мезі еткен үздіксіз тексерулер, ОГПУ-дің қитұрқы сұрақтарынан соң, Әміре келесі жылғы Франция мен Англиядағы турнеге барудан бас тартады.

Баршаға белгілі, Әміренің атын шығарған Париж сапары 1925 жылы болған еді. Бұл сапарда әнші 2-орын мен күміс медальды жеңіп, елге олжалы оралған.
Сол кезде қазақ әншісінің Парижді тәнті еткені туралы көптеген басылымдар жарыса айтты. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін мойындап, «туған елін сүйетін, ғажайып дауыс иесі» деп жазады. Ал, Сорбонна университетінің профессоры Перно әншінің орындауындағы «Қанапия», «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша», «Қос балапан», «Үш дос» әндерін фонографқа түсіріп алады. Атақты әншінің шетелді таңғалдыруы осымен аяқталады. Себебі, Париж сапарынан кейінгі мезі еткен үздіксіз тексерулер, ОГПУ-дің қитұрқы сұрақтарынан соң, Әміре келесі жылғы Франция мен Англиядағы турнеге барудан бас тартады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін жарияланған мақалаларда ҰҚК мұрағатынан алынған Әміренің Парижде Мұстафа Шоқаймен жүздескені туралы хаттама жарияланды. Бүкіл ғұмырын бір сәтте басқа арнаға бұрып жіберген жұмбақ жүздесу туралы Әміре Қашаубаевтың өзі былай дейді.
«...1925 жылы маусым немесе шілде айының бірінде мен барлық ұлттық республикалардан жиналған 14 актермен бірге Парижге бардым. Барған бойда «Дория» отеліне орналастым. Екінші күні үйге Мұстафа Шоқаев келіп, менімен әңгімелесті. Ол Қазақстанда болып жатқан жағдайларды сұрады. Арасында: «Үкімет басында кімдер тұр? Қазақтар бар ма?» деген сауалдар да қойды. Мен «бар» деп жауап бердім. Бірақ олардың кімдер екенін айтқаным жоқ, ол да менен сұраған жоқ. Сосын ол менің білімімді сұрады. Мен оған «ешқандай білімім жоқ» деп жауап бердім. Әңгіме үстінде ол Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың хал-жағдайларын және немен айналысып жүргендерін сұрады. Мен: «Байтұрсынов Қызылордада мұғалім, ал Дулатов әдебиетпен айналысып жүр» дедім».
Мұстафа Шоқай Францияның астанасына Әміремен бірге барған орыс әншілері Долива-Саботнаций, Ковалева, өзбек әншісі Кари Якубов пен биші Тамара Ханум, әзірбайжан әншісі Шавкет Мамедовтердің басын қосып қонақ еткісі келген болуы керек, барлығын мейрамханаға шақырады. Алайда олар әр түрлі сылтау айтып, бармай қалады. Тек, Әміре ғана шақыруды қабыл алады. Сол мейрамханада Мұстафа Шоқай Әміренің қойын кітапшасына Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовқа сөз жазып жібереді. Өзі оқи білмегендіктен А.Байтұрсынов пен М.Дулатовқа жазылған хатқа да бәлендей назар аудармайды. Алаш көсемдеріне деген сәлемхаттың жоғалып кеткенінен де сезіктенбейді. Бірақ, қағаз жоғалса да, қаралау тоқтамайды. Тоғыз жылға созылған сергелдең ақыры халқының қошеметіне бөленіп үлгерместен Әмірені небәрі 46 жасында жұмбақ жағдайда опат қылды. Дүниеден өткен соң да 40 жылдан астам уақыт оның аты аталмады. Тіпті екі бірдей үкімет қаулысы шығарылса да, Әміре Қашаубаевқа бірде-бір ескерткіш тұрғызылмады. Керекті қаражат бөлініп, 6 метрлік алғашқы нұсқасы соғылса да, ескерткіштің орыны әлі бос тұр. 90-жылдары бәзбіреулер әншінің қабіріне қойылған құлпытасты да күл-талқан етіп сындырып кетіпті. Осылай, оған тағылған саяси айып ескерткіш орнатуға да кедергі болды. Әнші жанашырларының елде Әміреге ескерткіш орнату керек деген ендігі ұсынысы да жерде қалып қоймаса екен дейсің. Өйткені, алғашқы екі қадам да аяқсыз қалған. Ал, әншінің мұражайын ашу, ескерткішін орнату, ең бастысы өміріне қатысты ақиқатты анықтау - талассыз бүгінгі күннің шаруасы. Бұған бастама да жоқ емес. «Страна и мир» газетінің 2008 жылғы 4-қыркүйекте жарияланған санында «ОДИН В ПОЛЕ ВОИН» атты мақалада әншінің жерлесі Құмар Омарұлының көрмеге қажетті көптеген деректі жинап қойғаны айтылады. Демек, әуелден басталған істің жалғасы бар, тек қорытындысы керек.
Абыралы өңірінің ақсақалы, ҚР Халық ағарту ісінің ұстазы Қ.Ғабдулиннің айтуынша, «ескерткіш тұрғызу жөнінде Үкіметтің екі рет қабылданған қаулысы болған. Біріншісі - Қазақ АССР Халық комиссариатының 1934 жылғы 19 қарашадағы №540 бұйрығы». Оған сәйкес, М.Әуезов атындағы Академиялық театрдың алғашқы актері ретінде Әміренің ескерткіші осы ғимараттың алдында орнатылуға тиіс еді. Ал, екінші қаулы 40 жылдан соң шығарылады. 1974 жылдың 9-шілдесінде мүсінші Татьяна Андрющенконың эскизі мақұлданып, оған 5 мың рубль бөлінеді. Бірақ іс тағы да аяқсыз қалады. Ж.Шәкәрім оның себебін «Францияға барып ән айту сапарында алаш ардагері Мұстафа Шоқайдың сағыныш достық құшағына орануы, екеуінің фотосуретке түсуі, сырласуы»,- дейді.
Әнші дүниеден өткен соң жасалған ең үлкен шаруаның бірі - Перно жазып алған әндерінің өңделуі. 1974 жылы Париж сапарынан кейін арада 40 жыл өткенде Мәскеуден әншінің фонографқа жазылған 7 әні табылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрім «Жалғыз арша», «Сімет», «Дударай», «Бес қарагер», «Үш дос», «Ағаш аяқ» әндерін техникалық өңдеуден өткізіп, қайтадан күйтабаққа түсіреді.

Әміренің өмірі

Әнші 1888 жылы Семей облысы, Абыралы өңірінде Дегелең тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Әміренің анасы Тойған әнші кісі болған. Ал, оны өнерге баулыған ағасы ақын, әрі домбырашы Серік Тергеубайұлы екен. Ол Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сынды хас таланттардың жыр-күйлерін осы ағасынан үйренеді.
Көп ұзамай Әміренің атағы Семей қаласына жетті. Оның үлкен шығармашылық өмірге араласуына Қоянды жәрмеңкесіне баруы, осы жерде Мәди Бәпиұлы мен Қали Байжановты көруі әсер етеді.
Әнші 1914 жылы Абай Құнанбаевтың қайтыс болуына орай өткізілген еске алу концертінде ән шырқайды. Оны ерлі-зайыпты Құлжановтар өткізген. 1921-24 жылы Семейде құрылған «Ес-аймақ» қазақ жастарының ағарту ұйымына мүше болып, концерттерде өнер көрсетіп жүреді. 1924 жылы халық өнерпаздарының байқауында бас бәйгіге ие болады. Оның атақты Париж сапары осыдан кейін болған еді. 1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ драма театрына қабылданып, әнші-актер болып қызмет етеді. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясында Жапалдың рөлін сомдайды. Осында қызмет ете жүріп, әнші 1927 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмесіне қатысады. 1934 жылы Қазақ музыкалық театрына (қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театры) ауысып, көп ұзамай дүниеден өтеді.

Тақырыпқа орай:
Әміре әншілігімен, ерекше тенорымен көзге түскен. Бойындағы таланттың ұшқынын байқап, ең алғаш Жанақ ақын Әміреге «Саусағың мен ерініңді табиғат домбыра тартып, ән салуға лайықтаған екен»,- деп батасын беріпті.
Ол талантымен Ромен Роллан, Максим Горький, Анатолий Луначарский, Анри Барбюс сияқты шетелдік музыка зерттеушілері мен жазушыларын да тамсантты. Сәкен Сейфуллин оны «теңдессіз әнші» ретінде таныса, Мұхтар Әуезов «Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре - әншіліктің ақыны», - деген еді.

«Үш қиян» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1440
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1038
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1092