Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6335 1 пікір 30 Сәуір, 2011 сағат 04:06

«Дипломмен – ауылға» бармайтын жастар

Қолына дипломын алған жас түлек туған ауылына барудан гөрі оқу орнын тәмамдаған қалада қалғысы келеді. Бұл - үрдіс, әсіресе, 2000 жылдары жастар арасында қатты белең алғаны белгілі. Осының салдарынан, ауылда негізінен шал-кемпір мен бала-шаға қалып, жастар күрт азайып кетті.

Маман тапшылығы қатты сезіле бастады. Дәрігер болмағандықтан, ауылдықтар бірнеше шақырым жердегі аудан орталықтарына ат арылтуға тура келді. Ал мектепте мұғалімнің жетіспеуінен жағрафия пәні маманы химия, физика сияқты пәндерді оқыта бастады. Осыдан барып, ауылдағы жас жеткіншектердің білім сапасы төмендеп, науқас жандар көбейіп, ана мен бала өлімі белең алды. Бір кездері жанып тұрған ауыл келбеті жұтаң күйге енді. Осы кемшіліктің алдын алмақ мақсатта екі жыл бұрын «Дипломмен - ауылға» жобасы іске қосылды. «Жас қазақтың» кезекті конференциясында осы жобаның артықшылықтары мен кемшіліктері ортақ талқыға салынды. Конференция қонақтары - «Жас Отан» Жастар қанатының аппарат жетекшісі Олжас Серікұлы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 4-курс студенттері Нұрбек Матжани мен Сәкен Суханов, ҚазҰАУ-нің II курс магистранты, Болгария, Ресей, Германияда білім алып келген Елтай Әлкенов.

Жас қазақ: Олжас, «Дипломмен - ауылға» жобасының бүгінгі жағдайы қандай? Жастар қаншалықты өз қызығушылығы мен белсенділігін танытып жатыр?

Қолына дипломын алған жас түлек туған ауылына барудан гөрі оқу орнын тәмамдаған қалада қалғысы келеді. Бұл - үрдіс, әсіресе, 2000 жылдары жастар арасында қатты белең алғаны белгілі. Осының салдарынан, ауылда негізінен шал-кемпір мен бала-шаға қалып, жастар күрт азайып кетті.

Маман тапшылығы қатты сезіле бастады. Дәрігер болмағандықтан, ауылдықтар бірнеше шақырым жердегі аудан орталықтарына ат арылтуға тура келді. Ал мектепте мұғалімнің жетіспеуінен жағрафия пәні маманы химия, физика сияқты пәндерді оқыта бастады. Осыдан барып, ауылдағы жас жеткіншектердің білім сапасы төмендеп, науқас жандар көбейіп, ана мен бала өлімі белең алды. Бір кездері жанып тұрған ауыл келбеті жұтаң күйге енді. Осы кемшіліктің алдын алмақ мақсатта екі жыл бұрын «Дипломмен - ауылға» жобасы іске қосылды. «Жас қазақтың» кезекті конференциясында осы жобаның артықшылықтары мен кемшіліктері ортақ талқыға салынды. Конференция қонақтары - «Жас Отан» Жастар қанатының аппарат жетекшісі Олжас Серікұлы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 4-курс студенттері Нұрбек Матжани мен Сәкен Суханов, ҚазҰАУ-нің II курс магистранты, Болгария, Ресей, Германияда білім алып келген Елтай Әлкенов.

Жас қазақ: Олжас, «Дипломмен - ауылға» жобасының бүгінгі жағдайы қандай? Жастар қаншалықты өз қызығушылығы мен белсенділігін танытып жатыр?

Олжас Серікұлы: 2009 жылы шілде айында қабылданған бұл жоба қазіргі таңда өз жұмысын тыңғылықты жалғастырып келе жатыр. Жастардың белсенділігі өте жоғары. Мекемемізге күнделікті кем дегенде дипломы бар үш азамат немесе азаматшалар бас сұғады. Бірақ кейде мамандықтары сәйкес келмей қалады. Себебі, бұл жоба бес мамандықты ғана қамтыған.  Ауылға барып, қол ұшын созып көмектескісі келетін  патриоттық рухта тәрбиеленген жастар өте көп.

Жас қазақ: Неге олардың ауылға барғысы келеді?

Олжас Серікұлы: Қалада жұмыс жоқ. Жоғары білімді, тепсе темір үзетін жігіттеріміз базарда арба сүйреп жүрсе, қыздарымыз мейрамханаларда даяшы қызметін атқаруда.

Жас қазақ: Қай саланың мамандары көп тартылуда?

Олжас Серікұлы: Басым бөлігі мұғалімдер болып табылады. Қазіргі таңда 4000-нан асқан жас мұғалім ауылда қызмет етіп жатыр.

Жас қазақ: Заңгер, қаржыгер сынды мамандарға орын қарастырылған ба?

Олжас Серікұлы: Жоқ әзірге. Десе де, біз ауылға дені сау, білімді, спортпен айналысатын, салауатты өмір салтын ұстанған, мәдениетті жастарды жіберуге тырысамыз. Ауыл мен қала жастарының мәдениеті жағынан ешқандай айырмашылық болмауы тиіс.

Нұрбек Матжани: Білімді, тәрбиелі ұрпақ болуы керек, әрине. Бірақ бүгінгі ауылдарымыздың жағдайы соған сай ма? Өкінішке қарай, сай емес. Мұғалім, дәрігер сынды мамандықтарды таңдаған студенттердің білім деңгейі орташа. Олардың басым бөлігі балы жетпей қалған соң, осы мамандықтарды таңдаған. Осы тұрғыдан келгенде, ауылда Қазақстан халқының жартысын ұстау, меніңше, дұрыс емес. Қалада қалып, осында шоғырланғандары әбден дұрыс. Бұл - адамның жеке дамуына ықпалы зор. Оның үстіне, қалада мүмкіндік өте көп. Ауылға барып не істейсің?

Жас қазақ: Нұрбек, әңгімеңіздің төркінінен түсінгенім, сіз ауылға барғыңыз келмейді. Сізде сонда, ауылды дамытсақ, көркейтсек деген патриоттық сезім жоқ па?

Нұрбек Матжани: «Ауылым - алтын бесігім» деп қанша  жерден патриот болғанымызбен, ауылда тұру қиын. Денсаулығыңа да зиян. Ішкендері арықтың суы. Жолдары жаман, білім беру деңгейі төмен, мәдени ошақтары мүлдем жұмыс істемейді. Тек малдың артында, күнкөріс қамымен өзін-өзі қамтамасыз етіп жүргендер. Еңбек өнімділігі де өте төмен. Австралия, Канада, Аргентина сынды дамыған елдерді мысалға алайық. Ол жақта халықтың 80-90 пайызы қалада шоғырланған. Соның өзінде ауылдары бүкіл мемлекетті азық-түлікпен, тағы да басқа керекті дүниелермен қамтамасыз етуде. Бізде жағдай басқаша. Ет, жеміс-жидек, азық-түліктерді ауылдан әкелудің орнына шетелге жүгіреміз. Олай істемеске амал жоқ. Ауылдың еңбек өнімділігі елімізді қамтамасыз етуге жетпей отыр. Біз еңбек өнімділігін арттыруымыз қажет. Егін егу керек. Бізде жарамды жерлердің өзі пайдасыз болып жатыр. Ауыл адамдары осы тұрғыда еңбек өнімділігін 10 пайызға арттырса, құба-құп болар еді. Әйтпесе, ауылда тұрып не қажеті бар деген сұрақ туындайды. Сондықтан қалада тұрған дұрыс сияқты.

Жас қазақ: «Ауылдың жақсы жігіттерін қалада шеттетіп жатыр. Оларды инновациядан хабарсыз, қараңғы қазақ еткісі келеді» деген пікірлерге сіз де қосылатын сияқтысыз ғой?..

Нұрбек Матжани: Жоқ. Мұндай саясат Кеңес өкіметі кезінде болған. «Қазекеңдер ауылдан шықпасын, малдың артында жүрсін, қалаға шоғырланбасын» деген секілді. Бәлкім, бізде осы саясаттың көрінісі белең алып жатқан шығар. Мен қазақтарға жаным ашығаннан кейін, олардың ауылда тұрмағаны лазым деп айтып отырмын. Ауылдың дегредацияға ұшырауы, рухани азып, қиын жағдайға ұшырауы, айтылған  факторлардың әсері. Шынында, қазір қазақ жастары инновациядан шеттетіліп отыр.

Жас қазақ: Арамызда мамандығы сай келмесе де,  «Дипломмен - ауылға» жобасы арқылы ауылға барғысы келетін Сәкен деген азамат бар. Сіздің пікіріңізді білсек?

Сәкен Суханов: Нұрбек көптеген мәселені көтеріп жатыр. Бір ғана сұрақ: «Кім кінәлі?» Ол - Канада, Австралия елдерін айтып отыр. Ауыл тұрғындарын қалаға алып келіп, оларға жұмысты қайдан тауып бересіз? Қазіргі таңда ауылға ден қоюымыз керек. Қазір ауылда халықтың 47 пайызы қоныстанған. Мұның өзі нені білдіріп отыр? Ауылда, ең бірінші, инфрақұрылымды дамыту керек. Шағын аудандарды біріктіру керек. Не үшін оқу бітірген кезде ауыл квотасын береді? Қалада оқып келіп, ауылда жұмыс істеу үшін. Ауылдан білімді азаматтар шығады. Бірақ олар ауылға бармайды. Себебі, ешқандай жағдай жасалмаған. Кеңес үкіметі кезіндегі СПТУ, ППТУ деген кәсіптік білім орындарын көбейту керек. Неге ауылда тракторшы, егінші, агроном, мал дәрігерлері жоқ?  Ондай мамандар болса, біз Қытайдан келген азық-түлікке тәуелді болмаймыз. Кезінде Қаратау, Жаңатас секілді шағын қалаларға жастар оқу бітірісімен баруға талпынды. Қазір олай емес. Менің мамандығым - машина жасаушы. Елімізде бір машина жасайтын зауыт жоқ. Қызық, иә. Мен сонда қайда барамын?! Бүгінде малмен айналысу - өте үлкен бизнес. Мал шаруашылығы, балық, құс шаруашылығы бүгінгі қоғамға керек. Мүмкін жоғары оқу орнын бітірген соң, ауылға барып, осы кәсіптің біреуін таңдайтын шығармын.

Олжас Серікұлы: 20-жылда айтырлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Белгілі бір меже қойдық. Ол жоспарлардың барлығы іске асуда. «Дипломмен - ауылға» жобасы үлкен стратегиялық мақсатты көздейді. Неге? Алдағы уақытта  ауыл жастары «интернетпен толық қамтамасыз етіледі» деп айтылуда. Ол уәде де орындалады. Бұл жоба ауылдағы қазақ жастарының көзін ашуға, білімін молайтып, спортпен шұғылдануға шақырады. Жаңа маманнан білім алған жас, оқу орнына жақсылап түсіп, оны аяқтап қайтадан ауылға келеді. Бұл - дәл ертең орындалмаса да, уақыт өте келе жемісін беретін жоба. Ауылға үлкен көмек.

Нұрбек Матжани: Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері пәленбай жоба, пәленбай стратегия қабылдады. Өкінішке қарай, нәтижесі қайда? Үш жыл ауыл жылы болды. Не істелінді? Бағдарлама қабылданады, бірақ сұрауы жоқ сияқты. Ауылда ештеңе қалмады.

Сәкен Суханов: Олжас ауыл интернетпен толық қамтамасыз етіледі дейді. Біздің ауылда екі канал ғана тартады. Оның өзі быжырлап дұрыс көрсетпейді. Интернет деген атымен жоқ. Алдағы уақытта болады дегенге де сену қиын.

Жас қазақ: Десе де, сіз ауылға барамын деп отырсыз ғой?!

Сәкен Суханов: Дұрыс, мен барамын, бірақ қандай жағдайда? Ол үшін  мемлекет ауылға мамандарды десант ретінде жіберуі керек. Ол машина жасаушы, құрылысшы болуы мүмкін. Ауыл халқына мүмкіндік беру қажет. Содан кейін ауыл мал бағуға қолайлы ма, әлде егін егуге ме, соны анықтап алу керек. Сол бойынша жұмыс істеу қажет. Бізде қалыптасқан мынадай бір жаман әдет бар. Биыл картоп жақсы табыс әкелсе, келесі жылы барлық жер картоп егеді. Картоп көп болған соң, өтпей, су болып ағып кетеді. Картоптан беті қайтып қалған халық келесі жылы жаппай пияз егуге кіріседі. Міне, біздің жылдағы тірлігіміз осы.

Олжас Серікұлы: Нұрбек мырза, сіз ауылға бармаймын деп отырсыз? Егер біз аталған жобаны толығымен іске асырсақ, сіз сияқты ауылға барғысы келмей жүрген адамдардың ниеті түзелер еді. Спортқа деген қызығушылық  туып, ауылдан әлем чемпиондары шығады.

Жас қазақ: Спорт кешендері жоқ қой, оны қайтеміз?

Олжас Серікұлы: Егер ниет болса, көк шалғында жүріп-ақ, спортпен айналысуға болады. Оған тек жақсы жаттықтырушы маман керек.

Нұрбек Матжани: Мен неге қаланың артықшылығын айтып отырмын? Қалада сен спортқа да бара аласын, хорға да, домбыраға да қатыса аласың. Рухани кемелденіп, ғылыми жаңалық та аша аласың. Осындай жағдай ауылда бар ма? Ауылда шал мен кемпір зейнетақы алады. Соған бүкіл отбасы күнін көреді. Жұмыс істей алатын, пайда әкелетін адамдар ғана ауылда тұруы керек. Неге біз шағын қалаларды дамытпаймыз? Кезінде, естеріңізде болса, Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында өндіріс орны болды. Қала тұрғындары жаппай сонда жұмыс істеді. Жаңатаста да жағдай солай болды. Елімізде сол сияқты шағын қалалар көп. Тек олардың тетігін табу қажет. Өндіріс орындарын тауып, инвесторларды тартса, халық ол жақтан кетпейді.

Сәкен Суханов: Олжасқа қарсы шыққым келіп тұр. Бір ғана патриоттық сезіммен сен бүкіл ауылдың мәселесін шеше алмайсың. Ауылдың рухани әлемі шектеулі дегенге қосыла алмаймын. Ауылда ене, отбасы институы деген рухани тәрбие қайнап тұр. Мәдениет пен тәрбиенің бәрі де ауылда. Қазіргі таңда индустриялық-инновациялық бағдарламалар жасалып жатыр. Соның аясында көптеген өндіріс орындары мен зауыттар салынады.  Білімді ауыл жастарын осы бағдарлама бойынша  жұмысқа алу керек. Мәселен, зауыттар қаладан тыс жерлерге орналасады. Қай жерге зауыт жақын, сол жерге шағын  ауылдарды шоғырландыру керек. Білім саласына келейік. Германия, Ұлыбритания болсын, білім саласында дуалистік жүйені қолданады. Екінші курсқа көшкеннен кейін, сабағын өндіріспен байланыстырып, жұмыс істей бастайды. Кейін сол жерге жұмысқа қалдырып, жұмыссыздық мәселесін шешіп береді. Ауылға ең керек ошақтар осы.

Жас қазақ: Конференцияға шетелде оқып келген Елтай есімді азамат қатысып отыр. Сіз бір емес, үш елге барып, білім алып, тәжірибе жинап қайттыңыз. Ол жақта жағдай қалай?

Елтай Әлкенов: Жастарға бар мүмкіндік жасалған. Сәкен айтқандай, оқулары өндіріспен тікелей байланысты. Ғылыми жұмыстар өте көп.

Жас қазақ: Неміс жастарының құлшынысы қалай? Олар ауыл, қала болып бөліне ме?

Елтай Әлкенов: Жоқ, олар бөлінбейді. Бәрі ауылдан келген. Мәселен, Германия¬да 80-нен астам қала бар. Жалпы есеппен алғанда, халқы 80 миллионға жетеді. Сол ірі қалаларда тұратын халықтың басым бөлігі ауылдан келген. Бірақ олар бөлінбейді. Барлығы өздерін бір елдің азаматымыз деп санайды. Ол жақта жастар қалаға білім алу үшін барады. Одан кейін реті келіп жатса, қалада қалады, болмаса ауылдарына кетеді. Мен ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алып қайттым. Мақсатым - шетелден білім, тәжірибе алып, мүмкіндігінше еліме қызмет көрсету. Соңғы үлгідегі технологияларды меңгеріп қайттым. Мұнда Сәкен дипломмен ауылға баруды қолдап отыр. Дұрыс-ақ. Бірақ ауылға білімді болып бару керек. Саны көп, сапасы жоқ мамандарды көзбояушылық үшін ауылға жіберудің еш қажеті жоқ. Сен еш нәрсе білмесең, ауылымыз ешқашан дамымайды.

Нұрбек Матжани: Ауылдың баласы қалаға келсе, мұндағы адамдар «о, мәмбет» деп қарауы мүмкін. Ауылға қаланың баласы барса, ондағылар «ақ саусақ келіпті» дейді. Бұл дұрыс па? Қай тұрғыда да, бір ұлттың арасында бөлінушілік болса, ол жақсылыққа апармайды. Бүгінде қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер осы мәселені көтеріп, бір шешімін тапса, құба-құп іс болар еді. Негізі, қай жақта жүрсең де, білімді, өз ісіңе ұқыпты болсаң жұмыссыз қалмайсың. Тек ауылдың баласына қарағанда, қалалық ұл-қыздардың мүмкіндігі жоғары. Мен бұл жерде білімді жастардың ауылға баруына түбегейлі қарсы болып тұрған жоқпын. Тек, ауылға шын жаны ашитын азаматтар барса. Үкімет те өз тарапынан барлық мүмкіндікті жасаса екен. Біз неге ауылды бір тарихи орынға айналдырмаймыз. Қазір еліміздің қалталы азаматтары өзге елге барып, демалып келуден шаршады. Ауылда қазақ үй тігіп, көне салт-дәстүрлерімізді жаңғыртсақ, өзге елден келетін саяхатшылардың саны да артатын еді. Бір жағынан, қаржы тартатын едік, екінші жағынан, көшпенді елдің мәдениетін таныстырар едік. Ал саяхатшылар біздің көне дәстүрімізге қызығады деп ойлаймын. Өзге елді айтпағанда, қазақ үйде отырып ас ішіп, түнеп шығу бізге де қызық. Себебі, біздің өзіміз наурыз мерекесінде ғана қазақ үйдің тігілгенін көреміз.

Олжас Серікұлы: Бұл жерде мемлекет мынаны істемейді, ананы істемейді деп отырсыздар. Шынтуайтына келгенде, біз бұл «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы студенттерге тек бағыт-бағдар бере аламыз. Ары қарай оның өзінің басы бар болса, дөңгелетіп әкетеді.

Жас қазақ: Сіздер бұл бағдарлама аясында студенттерге қандай талап қоясыздар? Әлде, «Мен барамын» деп, ниет білдіргеннің барлығын жібересіздер ме?

Олжас Серікұлы: Барлық облыспен байланыс жасап отырмыз. Қай жаққа қандай маман керек? Әр облыс әкімдігі қандай мамандар керектігін тізіп жібереді. Біз оларға «мынадай студент, мына мамандық бойынша жоғары оқу орнын тәмамдаған» деп қысқаша мәлімет жолдаймыз. Қажет деп жатса, сол облысқа бағыттаймыз.

Жас қазақ: Ауылға барған маманға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Олжас Серікұлы: Үй алу үшін төменгі пайызбен несие беріледі. Коммуналдық қызметтерге жеңілдік жасалады.

Нұрбек Матжани: Негізі, біздің ауылдар елді азық-түлікпен қамтамасыз етуі керек. Ал бұл бағдарлама бойынша дәрігер, мұғалім т.с.с мамандар баруда. Ал ауыл шаруашылығының мамандары барып жатқан жоқ. Барған күннің өзінде жағдай жасалмаған. Мына Елтай сынды шетелден білім алып келген мамандарға жағдай жасаса, ауылға баруға қарсылық білдірмейді, - деп ойлаймын.

Сәкен Суханов: Мемлекет білімді мамандарды ауылға арнайы тапсырмамен жіберуі керек. Сен осынша уақытта осы жұмысты аяқтайсың. Содан соң біз оның жемісін көруіміз керек деп. Бүгінде ең бастысы, халықтың түсінігін өзгерту керек. Бүгінгі жастар қалтасын ақшаға толтырып, қымбат көлік мінуді ойлайды. Ауылдарды бизнес көзіне айналдырсақ, әлгі қымбат көліктің артында жүрген жастар ауылға тартылады. Бүгінде билік басында отырған шенеуніктер ертең кетеді. Ал болашақ - біздің қолымызда.

Нұрбек Матжани: Мен билік тарапында жүрген жастардың мына саясатын қолдаймын. Олар: «Мемлекет саған не берді емес, мемлекетке сен не бердің» деп ойлаңдар дейді. Бұл - шынымен де, ұтымды саясат. Бүгінде жастарда масылдық қасиет басым. Мемлекетке қарап аузымызды ашқанды әдетке айналдырып алдық. Әркім өз жолын тауып, шағын кәсібін жүргізгені абзал. Десе де, үкімет өз тарапынан қол ұшын беріп отыруы керек. Ешбір елдің жастары мемлекет қолдауынсыз көтерілмеген. Біз 20 жылда өстік, өркендедік деп жатырмыз. Қай тұрғыда өскенімізді көріп тұрған жоқпын. Бүгінде ешқандай ғылыми жаңалық ашылып жатқан жоқ. Өндіріс орындары тапшы. Біздің өнімімізді қолданып, керісінше, шетелдік мамандар жаңалық ашуда.

Жас қазақ: Елтай, сенің ойыңша, неге «Болашақ» бағдарламасымен білім алып қайтқан жастар елімізге оралғысы келмейді? Соңғы дерек бойынша оқуға кеткен бес мың болашақтықтың үш жарым мыңы елге қайтпаған.

Елтай Әлкенов: Ауылдың жастары қалаға келіп, қайтқысы келмейді ғой. Сол сияқты шетелге барған студенттер елге оралса, ауылға келгендей сезінеді өздерін. Олар жақсы жалақы алып, тәжірибесін ары қарай ұштағысы келеді.

Сәкен Суханов: Үндістан, Қытай елдері жастарын патриот болуға тәрбиелейді. Бізде ата-аналар кішкентайынан баласына «сен әкім, сен мықты заңгер, сен қаржыгер боласың» дейді. «Сен ғарышкер, сен ауыл шаруашылығының маманы бол» деп тәрбиелейтін ата-ана жоқтың қасы. Бүгінде сол шенеунік болатын қазақтың қарадомалақ балалары базарда «тәшке» итеріп жүр емес пе?!

Нұрбек Матжани: Әңгіме қандай мамандықты таңдағаныңда емес. Егер де өз салаңның білікті маманы болсаң, қандай жағдайда да керек боласың. Мен мәселен, мәшине жасау мамандығы бойынша білім алудамын. Бірақ елімізде бұл сала бойынша тіпті тәжірибе алатын өндіріс орны жоқ. Тәжірибеден өтпеген адамнан қандай мықты маман шығады деп ойлайсыздар. Десе де, қазақ жалқау, бізден жақсы маман шықпайды деген пікірден алыс болайық. Жастардың белсенділігі күшті болуы керек. Баланы кішкентайынан пара алуға үйретпеу қажет. Бүгінде мұғалім, дәрігер, мейлі, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері болсын, пара алудан ұялмайтын дәрежеге жетті. Меніңше, жемқорлықтан жиренбеген қоғамның болашағы бұлыңғыр.

Конференцияны жүргізгендер Елдос Өмірзақұлы, Фариза Байелі

«Жас қазақ» газеті

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1441
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1281
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1040
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1094