Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2861 0 пікір 12 Желтоқсан, 2018 сағат 10:13

Трамп үкімет жұмысын тоқтатамын деп сес көрсетіп жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекараға қорған орнатуға 5 млрд доллар бөлмесе, үкімет жұмысын тоқтатамын деп сес көрсетті.

Президент Конгресс палатасындағы Демократиялық партия лидерлері Нэнси Пелоси мен Чак Шумермен кездескеннен кейін осындай мәлімдеме жасаған.

АҚШ президентіне қарсылық көрсетіп жатқан конгрессмен-демократтар құрылысты қаржыландыруды тоқтатып тастаған. Олар тек 1,3 млрд доллар бөлеміз дейді.

Олар америка шекарасының қауіпсіздігін қолдай отырып, бірақ қомақты көлемде қаржы бөлуге қарсы болған. Егер Конгресстің екі палатасы да бюджетті қолдамаса, онда мемлекеттік ұйымдар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

Трамптың президент сайлауы алдындағы уәдесінің бірі - Мексикамен араға заңсыз миграцияны тоқтату үшін, алып қорған салу еді. Сәуір айында ол ұлттық гвардияға мигранттар ағымынан қорғауды бұйырған. Қазір шекараны екі мыңға жуық гвардияшылар қорғап тұр.

АҚШ президенті тамыз айында қорған құрылысына 3,5 млрд доллар бөлінгенін мәлімдеген. Ол құрылыс арқасында кейбір аудандарда мигранттар ағымы 90 пайызға азайғанын айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2062
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2491
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2094
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605