Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 11720 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 12:12

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі

Қазақтың қасиетті адамдарының бірі осы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Бақиға аттанарын сезіп, жыл бұрын асын бергізіп, жерлейтін жеріне дейін көрсетіп кеткен әулие кісі көзі тірісінде қаймана қазағының қамын, дін жайын, елдің халін қағазға өлеңмен жазып мұра қалдырған адам. Мәшһүр Жүсіптің кесенесін тәу еткен адам үзілмейді. Бұл да ел жүрегіндегі әулиенің ерекше орны көрсетсе керек.

1-сурет: М.Ж.Көпеевті орап шығарған кілем

2-сурет: Қазанда Хусайыновтар баспасында жарыќ көрген М.Ж.Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тіршілікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал» атты үш кітабы мен әулиенің қабірінен шыққан рауан тас. Онда «Жетпіс үшке жеткенше балталасаң да өлмеймін,

Жетпіс үштен ары қарай сүйресең де бармаймын» деп жазылған.

3-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының қолжазбасы

Қазақстан ОҒҚҚ №1173 папка, 17 бөлім.

Мұқаба сыртындағы тақырыбы : " М.Ж.Көпеевтiң ел арасынан  тарап әркiмнiң қолында жүрген қолжазбаларынан жинағандары". Iшiндегi жазуы: ''М.Ж.Көпеев жинаған қазақтың ауыз әдебиетi, аңыздар, шежiрелер, өз шығармалары.

Қолжазбаны тапсырушылар: Жолмұрат Жүсiпұлы, Сабыр Шарипов, Фазыл. Iшiнде 19 дәптер. Б. 402 . П. 201. Ж. 130,48,27. Көлемi: 23х20, 21х 19. Қолжазба сарғыш тартқан қағазға екi , үш қатар қара сөз, өлең аралас жолдармен жазылған. Нөмiрленуi төрт рет , төрт түрлi  жерден берiлген.(Бас жағында қызыл, көк қарындашпен , жол ортасында қара қарындашпен, оң жақ астыңғы бұрышында көк сиямен). Қолжазба өңдеуден өткен, сақталуы жақсы. Кейбiр беттерiнiң жазулары үстiнен  қара, көк сиямен түзетулер енгiзiлген. Сиясы қызыл, көк қалам, қара қарындаш, қызыл паста. Қолжазбаның iшiнде мөрi берiлмеген. Көшiрушiлердiң қолтаңбасы қойылған. Жазу түрi:  ахмеджем

4-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының жеке заттары

5-сурет: Павлодар қаласында орналасқан Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы мешіт

6-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің сыртында орналасқан жазда ас әзірлейтін арнайы бөлме. Отын және қойма сарайы. Жарық желісі бар.

7-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің қонақ үйінде 9 бөлме бар. Оның 6 бөлмесінің әр қайсысында екі төсектен орналасқан. 1 бөлме ыдыс аяқтар мен тоңазытқыш қойылған ас бөлмесі. 1 бөлме қазандық. Келесі үлкен бөлме ас ішіп, ғибрат айтуға арналған.

8-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің сыртқы бейнесі

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің қонақ үйі.

- Автотұрақ

9-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің әулие жатқан екінші бөлмесінде қойылған

құлып тас. Онда Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жеті атасы мен дұғалар жазылған.

10-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің кіре беріс бірінші бөлмесі.

Еденге арнайы намаз оқуға арналған кілемдер төселіп, қабырғаға дұғалар жазылған

қабырға тақталары ілінген.

11-сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің сыртқы бейнесі

- «Мәшһүр Жүсіп кесенесі» деп жазылған белгі тас.

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмір сүрген 73 жасын бейнелейтін баспалдақ.

Аталмыш баспалдақ адамның мүшел жастарымен есептеліп жасалған.

12- сурет: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесінің қабырғасына қойылған құлып тас

13-сурет: 2006 жылдың 11 қарашасында ашылған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының жаңа кесенесі.

0 пікір