Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3483 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 05:03

ШЫҰ аясындағы бірлескен әскери жаттығулар үшінші тарапқа бағытталып отырған жоқ - ҚХР Қорғаныс министрлігі

БЕЙЖІҢ.  28 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -   Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясындағы барлық екіжақты және көпжақты бірлескен  әскери  жаттығулар  үшінші тарапқа  бағытталып отырған жоқ  және  олар басқа  мемлекеттердің мүдделеріне зиян келтірмейді.

Бұл туралы 27 сәуірде Бейжіңде  өткен   баспасөз мәслихатында Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігінің  ресми өкілі Гэн Яньшэн мәлім етті.

Қытай   әскери өкілінің айтуынша,  Шанхай ынтымақтастық ұйымының   қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы  ынтымақтастығының маңызды  элементтерінің бірі,  осынау  ұйымның аясында екіжақты және көпжақты әскери жаттығулар  өткізу болып  табылады.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірлескен   жаттығулар  «үш ығытты» ырықтауда,  ұйымға мүше  елдердің қарулы күштерінің арасындағы   өзара түсіністік пен  өзара сенімді   нығайтуда,  әр елдің   армиясын  қолдауда  және  олардың  жаңа  ығыттар  мен  қатерлерге  қарсы  бірлесіп   күресу қабілеттерін   жетілдіруде   маңызды   роль атқаруда»,-  деп  атап көрсетті Гэн Яньшэн.

Шанхайда аяқталған   ШЫҰ елдері қарулы күштерінің  Бас  штаб басшылары  кеңесіне   тоқталған   Гэн Яньшэн  мырза, тараптардың бірқатар өзекті мәселелер  бойынша   келісімге  келгенін      мәлім етті.

0 пікір

Үздік материалдар