Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3478 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 04:58

Павлодарлық түлектердің 94 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуді таңдап отыр

ПАВЛОДАР.  28 сәуір.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық    түлектердің  94 пайызы,  яғни  1512 оқушы  Ұлттық бірыңғай тестілеуді  таңдап отыр,  деп хабарлады  қалалық білім  бөлімінен.

Мектептер  бірыңғай    ұлттық  тест сынағына  дайындалуда, консультациялар  ұйымдастырылуда,    түлектермен   жеке  жұмыстар   жүргізілуде, мектептердің    психологиялық қызметтері   оқушылармен тренингтер өткізуде.    Сондай-ақ    емтиханға  дайындық мәселелері бойынша ата-аналармен    де    әңгімелесулер   жүргізілуде.

Павлодардың барлық  мектептері  2011   жылғы тест жинақтарымен   қамтамасыз  етіліп  отыр,  оған  қоса   күрделі тақырыптар бойынша электрондық базалар жасақталған.  Мұғалімдер «5+» және  «Quick Exam System»     бағдарламаларымен,  Ұлттық   бірыңғай тестілеуді  ақпараттық қолдау сайтының материалдарымен   жұмыс істеуде.

«Алтын  белгіден»  үміткер 23 түлек    пен    үздік білімі  туралы аттестаттан  үміткер  38   түлектің  дайындығы  білім  бөлімінің айрықша назарында.   Соңғы  ілкі   тест  сынағының  қорытындысы  бойынша олар  орта есеппен  114   балл жинап отыр.

0 пікір

Үздік материалдар